+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Ауыл мектептері оқушыларын Т.Ғ. Жантасовты еске алуға арналған облыстық «Жас математик» олимпиадасына қатысу қорытындысы
15 Сәу, 11:58

2011 жылдың 13 сәуірінде ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-мен бірлесіп алғашқы рет ауыл мектебін бітірушілер арасында математик, қазақ тілінде оқыту факультетінің тұңғыш деканы Т.Ғ.Жантасовты еске алуға арналған облыстық «Жас математик» атты олимпиадасын өткізді.cut

Олимпиада ұлттық бірігей тестілеу қарсаңында оқушыларды әр түрлі деңгейлердегі олимпиадалар мен жарыстарға шыңдау, дарынды балаларды айқындап, дамыту, олардың талабын аша түсуге қажетті жағдайлар туғызу, ауыл мектебін оқу үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізуге жетелеуге атсалысу мақсатымен өткізілді.

Олимпиада ашылу кезінде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің ректоры, ф.м.ғ.д., прфессор Н.М. Темірбеков, ШҚ ӨҒП «Дарын орталығының директоры Ж.Е.Қасымханова, жоғары математика кафедрасының ғалымдары құттықтау сөздерін айтты.

Олимпиадаға Тарбағатай, Жарма, Көкпекті аудандары және Өскемен қаласының Ахмер ОМ-інің 11 оқушысы  қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломымен Тарбағатай ауданы Қ.Білялов ат. мектеп-гимназиясының оқушысы Құсайынова Дина, ІІ дәрежелі дипломымен - Жарма ауданы  Қ.Шакенов   ат. ОМ оқушысы Әубәкірова Еңлік, ІІІ дәрежелі дипломымен – Көкпекті ауданы №1 Самар мектебінің оқушысы Рахматуллина Мархаба марапатталды.

Сонымен бірге жүлдегерлер І орын үшін – 60000 тенге, ІІ орынға- 40000 тенге, ІІІ орынға – 15000 тенге қаржылай силыққа ие болды.

Барлық қатысқан оқушыларға сертификат, 5000 тенге және Д.Серікбаев ат.ШҚМТУ- нің эмблемасы бар естелік силықтар берілді.

Олимпиаданы ұйымдастыруға директоры С.Ахтанов бастаумен «Қазавтожол» мекемесі қаржылай демеу көрсетті.

 Болашақта  олимпиаданы  жыл сайын  өткізілуі жоспарланды.