+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыстың жас дарындары экономика саласында өз білімдерін көрсетті
31 Нау, 12:50

2016 жылдың 27-30 наурызы аралығында Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында экономикадан оқушылардың ХІ республикалық турнирі өтті.        

Турнир республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы мен Джуниор Эчивмент Қазақстан қоғамдық қорының ортақ жобасы ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің және «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының қолдауымен өткізілді.

Турнирдің мақсаты - экономика негіздерін меңгеруге қызығушылық танытатын неғұрлым қабілетті оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту, оқушылар арсында экономикалық білімді насихаттау, экономика саласында дарынды оқушыларды бейіналды даярлықтан өткізу.

Турнирге ШҚО-дан, Павлодар қаласынан, Қостанай қаласынан, Шымкент қаласынан, Талдықорған қаласынан, Қарағанды қаласынан, Қызылорда қаласынан, Алматы қаласынан, Астана қаласынан барлығы 62 оқушы қатысты.

Турнир 3 кезеңде өтті.

- 1 кезең – 2016 жылдың 28 наурызы - теориялық (есеп шығару, тестілеу);

- 2 кезең – тәжірибелік – экономика және менеджментті компьютерлік модельдеу («Титан» нұсқасы);

- 3 кезең – 2016 жылдың 29 наурызы – шығармашылық (эссе жазу).

Турнирдың қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен және кубокпен Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Илья Воробьев марапатталды.

Турнирдың қатысушыларына мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды: Алматы қаласындағы жетекші университеттерге – Халықаралық бизнес Академиясына, Almatу Management University-ге барды. Онда оқушылар шет елдің оқу бағдарламасымен таныстырған үздік профессорлармен кездесті, UІВ университетінде қатысушыларға мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылып, белсенді студенттермен танысу өтті.