+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО дарынды оқушылар командасы республикалық олимпиадада
29 Нау, 13:18

2016 жылғы 13-21 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Көкшетау қаласында өткен жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысып қайтты.

Шараның мақсаты – ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми жұмысқа қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды дамытуға қажетті жағдай жасап, халықаралық олимпиадаларға оқушыларды іріктеу және дайындау.

Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша ШҚО-дан 12 оқушы медаль иегерлері атанды.

I дәрежелі дипломмен және алтын медальмен:

- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Айтказинов Шынгыс (физика);

- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Увалиев Әділет (физика);

- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Смагулов Азамат (химия).

II дәрежелі дипломмен және күміс медальмен:

- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 9 сынып оқушысы Абаев Бауыржан (биология);

- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Аскеров Алямдар (биология);

- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 9 сынып оқушысы Жанатов Ғалымжан (география).

III дәрежелі дипломмен және қола медальмен:

- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Алибеков Мансур (химия);

- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 9 сынып оқушысы Каттабаев Нурлыбек (химия);

- Семей қаласының №6 гимназиясының 9 сынып оқушысы Исмагамбетов Мустафа (физика);

- Аягөз ауданының көпбейінді мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Каримов Жақсылық (физика);

- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Маликов Акжол (биология);

- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 9 сынып оқушысы Көпенов Нұрлыхан (химия) марапатталды.

«Ең үздік ауыл оқушысы» номинациясында Аягөз ауданы көпбейінді мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Каримов Жақсылық грамотамен марапатталды.

Сондай-ақ олимпиадаға қатысушылар үшін Көкшетау қаласының ірі кәсіпорындарына саяхат, мәдени-танымдық және спорттық шаралар ұйымдастырылды.

 

Жеңімпаздарды, олардың ұстаздарын, ата-аналарын жүлделі орындармен құттықтаймыз. Табыс және жаңа жеңістер тілейміз!