+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО оқушылар командасының республикалық олимпиададағы лайықты жеңісі
29 Нау, 12:46

2016 жылдың 25-29 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Петропавл қаласында өткен гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысты.

         Шараның өткізілу мақсаты – шығармашылық қабілеттерді дамыту, теориялық және тәжірибелік білімді тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау.

         Олимпиадаға Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан 500-ден артық дарынды оқушылар – олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

         Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы І орынға ие болды.

         І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен келесі оқушылар марапатталды:

         - Екатерина Бобко – Семей қаласы, экономикалық лицейдің 11 сынып оқушысы (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі);

         - Шырын Олжабаева – Бородулиха ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті).

         ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен келесі оқушылар марапатталды:

         - Аружан Ауданбекова– Өскемен қаласы, №38 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы (ағылшын тілі);

         -.Данияр Садуакасов – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы (ағылшын тілі);

         -. Темірлан Маратұлы – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);

         -. Мадина Мықтыбаева – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);

         -. Дарья Кошовец – Глубокое ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті).

         ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен келесі оқушылар марапатталды:

- Дәулет Бекболов – Жарма ауданы, Карелин атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);

- Анна Раздомина – Көкпекті ауданы, Көкпекті орта мектебінің 11 сынып оқушысы (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі);

- Рихарт Наак – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі);

- Еркежан Насырова – Өскемен қаласындағы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 10 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);

- Ділда Уәлибекова – Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының 11 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);

- Инна Отт – Өскемен қаласы, А. Гумбольдт атындағы  №12 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы (неміс тілі);

- Полина Семенова – Өскемен қаласы, А. Гумбольдт атындағы №12 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы (неміс тілі);

- Даулет Жамсап – Өскемен қаласы, №10 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы (неміс тілі);

- Мира Жанахметова – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған №34 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы (құқық негіздері);

- Анжелика Старожилова – Шемонаиха ауданы, Н. Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы (құқық негіздері);

- Темирлан Джумабаев – Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі);

-Еркежан Жадыкова – Өскемен қаласы, Қ. Нұрғалиев атындағы  №43 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі);

- Анастасия Жук – Семей қаласы, №6 гимназияның 10 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті).

Алматы қаласындағы Менеджмент университетінде 50% білім грантында оқуға жеңілдік Ауданбекова Аружан - Өскемен қаласы, №38 мектеп-гимназияның  11 сынып оқушысына, Мықтыбаева Мадина - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушысына және 25% білім гранты  Уәлибекова Ділда - Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының 11 сынып оқушысына тағайындалды.

Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтай отырып келешекте табыстар тілейміз!