2016 жылғы 13-21 наурыз аралығында ШығысҚазақстан облысының оқушылары Көкшетау қаласындаөткен жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысып қайтты.
Шараның мақсаты – ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми жұмысқа қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды дамытуға қажетті жағдай жасап, халықаралық олимпиадаларға оқушыларды іріктеу және дайындау.
Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша ШҚО-дан 12 оқушы медаль иегерлері атанды.
I дәрежелі дипломмен және алтын медальмен:
- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Айтказинов Шынгыс (физика);
- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Увалиев Әділет (физика);
- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Смагулов Азамат (химия).
II дәрежелі дипломмен және күміс медальмен:
- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 9 сынып оқушысы Абаев Бауыржан (биология);
- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Аскеров Алямдар (биология);
- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 9 сынып оқушысы Жанатов Ғалымжан (география).
III дәрежелі дипломмен және қола медальмен:
- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Алибеков Мансур (химия);
- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 9 сынып оқушысы Каттабаев Нурлыбек (химия);
- Семей қаласының №6 гимназиясының 9 сынып оқушысы Исмагамбетов Мустафа (физика);
- Аягөз ауданының көпбейінді мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Каримов Жақсылық (физика);
- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Маликов Акжол (биология);
- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 9 сынып оқушысы Көпенов Нұрлыхан (химия) марапатталды.
«Ең үздік ауыл оқушысы» номинациясында Аягөз ауданы көпбейінді мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Каримов Жақсылық грамотамен марапатталды.
Сондай-ақ олимпиадаға қатысушылар үшін Көкшетау қаласының ірі кәсіпорындарына саяхат, мәдени-танымдық және спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Жеңімпаздарды, олардың ұстаздарын, ата-аналарын жүлделі орындармен құттықтаймыз. Табыс және жаңа жеңістер тілейміз!