2016 жылдың 16-19 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Ақмола облысындағы Щучье қаласындағы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагерінде өткен 1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсына қатысып қайтты.
Шараның мақсаты – жастайынан зияткерлік шығармашылығын ынталандыру және дамыту, оларды ғылымдағы зерттеу жұмысына тарту.
Оқушылардың жобаларды қорғауы 8 секция бойыншаөткізілді:
1) математика – информатика;
2) физика – техника;
3) қазақ тілі және әдебиеті;
4) орыс тілі және әдебиеті;
5) биология, химия, валеология;
6) география – экология;
7) тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
8) психология – медицина.
Республикалық кезеңге барлық өңірлерден 420 оқушы қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының намысын 26 оқушы (19 жоба) қорғады. Конкурстың қорытындысы бойынша 25 қатысушы жүлдегер атанып, 1 оқушы «Дарын» РҒПО грамотасымен марапатталды. Сайыс нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпы командалық 1 орынға ие болды.
I дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
СемейқаласыныңШәкәріматындағыоблыстықмамандандырылғанүштілдеоқытатынмектептің5 сынып оқушысы Гизатова Сабина(биология, химия);
- Өскемен қаласы дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп-кешені 4 сынып оқушысы Алипов Анвар (валеология, экология);
- Өскемен қаласы «Нұр-Орда» халықаралық мектебінің 4 сынып оқушысы Тоқан Жанель (қазақ тілі және әдебиеті);
- Өскемен қаласы №22 орта мектебінің 3-сынып оқушысы Азаматова Аружан (медицина, психология);
- Глубокое ауданы Белоусовка орта мектебінің 4 сынып оқушысы Понеделко Влада (орыс тілі және әдебиеті);
- Өскемен қаласы «Нұр-Орда» халықаралық мектебінің 2 сынып оқушысы Қаби Исламнұр (медицина, психология);
- Бесқарағай ауданы Семияр орта мектебінің 3 сынып оқушысы Смағұл Дильназ (биология, химия);
- Өскемен қаласы №20 орта мектептің 7 сынып оқушысы Кабдылов Руслан (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
- Семей қаласы Шәкәрім атындағы облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын мектептің 5 сынып оқушысы Төлеуғалиева Мадина (биология, химия);
- Ұлан ауданы Р.Марсеков ат. орт мектептің 5 сынып оқушысы Қалиев Әнуар (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
- Бесқарағай ауданы Семияр орта мектебінің 4 сынып оқушысы Ғазиз Қазыбек (биология, химия).
II дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Өскемен қаласы дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының 7 сынып оқушысы Кавригина Дарья (математика, информатика);
- Өскемен қаласы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 5 сынып оқушысы Канапина Нургуль (физика, техника);
- Зырян ауданы №1 бастауыш мектебінің 4 сынып оқушысы Оттенс Степан (физика, техника);
- Өскемен қаласы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 7 сынып оқушысы (медицина, психология);
- Өскемен қаласы дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының 7 сынып оқушысы Кадымова Юлия (математика, информатика).
III дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Күршім ауданы Қалжыр орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жұмағалиев Ернар (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
- Глубокое ауданы №1 Белоусовка орта мектебінің 6 сынып оқушысы Хлебников Олег (орыс тілі мен әдебиеті);
- Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 6 сынып оқушысы Расулова Аруай (орыс тілі мен әдебиеті);
- Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 7 сынып оқушысы Бағдатова Нұрайым (қазақ тілі мен әдебиеті).
- Өскемен қаласы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 5 сынып оқушысы Есипов Михаил (биология, химия);
- Күршім ауданы №1 Теректі орта мектебінің 3 сынып оқушысы Қабдуали Аружан (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
- Семей қаласы Шәкәрім атындағы облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын мектептің 6 сынып оқушысы Қуанышев Диас (валеология, экология);
- Зайсан ауданы М. Әуезов ат. орта мектептің 4 сынып оқушысы Болатова Нұрайлым (қазақ тілі мен әдебиеті);
- Зайсан ауданы М. Әуезов ат. орта мектептің 4 сынып оқушысы Аманкелдинов Диас (қазақ тілі мен әдебиеті);
«Дарын» РҒПО грамотасыменӨскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы Байбурина Малика марапатталды.
Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!