Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы дарынды балаларды анықтау және дамытуға қажетті жағдай жасау, оқушылардың зияткерлік деңгейін көтеру, ғылыми білімді насихаттау мақсатында бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізеді.
Олимпиада Ш кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезең – мектепішілік (ақпан-наурыз);
- екінші кезең – аудандық/қалалық (сәуір);
- үшінші кезең – облыстық – 2016 жыл 5 мамыр.
Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі: «Қазақ тілі мен әдебиеті» (қазақ тілінде оқитын сыныптар үшін), «Орыс тілі мен әдебиеті» (орыс тілінде оқитын сыныптар үшін), «Орыс сыныптарындағы қазақ тілі», «Қазақ сыныптарындағы орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Математика», «Дүниетану», «Бейнелеу өнері». Жұмыс жазбаша орындалады. Тапсырмаларды орындау уақыты - 90 минут, бейнелеу өнері -120 минут.
Олимпиадаға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің және мамандандырылған білім беру мекемелерінің 3, 4 сынып оқушылары (оқу тіліне қарамастан) қатысады.
Команда құрамына 16 оқушы және 2 жетекші кіреді.
Олимпиаданы өткізу ережесі www.shygysdaryny.kz.сайтында орналасқан.
Олимпиадаға қатысуға өтінімді 2016 жылдың 20 сәуіріне дейін келесі мекенжайға жіберу қажет: Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79, тел(факс) 8-7232-55-20-12 немесе vk_daryn@mail.ru электронды поштасы.
Тапсырыс үлгісі: (қатаң түрде үлгі бойынша)
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Аудан(қала) |
Мектеп |
Сынып |
Пән |
Оқу тілі |
Мұғалімнің аты-жөні |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Олимпиаданың өтетін орны туралы ақпарат қосымша хабарланады.
Олимпиадаға қатысушылардың жол ақысы бағыттаушы жақтың немесе демеушілердің есебінен өтеледі.