+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қ.Сәтпаев ат. өңірлік олимпиадасын өткізу туралы
12 Сәу, 10:16

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жыл толуына орай негізгі ғылымдар саласында оқушылардың шығармашылық қызығушылықтарын дамыту мақсатында 2011 жылдың 11-12 мамыр күндері аймақтық ғылыми-тәжірибелік «Ертіс дарыны» орталығы Қ.И.Сәтпаев атындағы аймақтық олимпиада өткізеді.cut

Ережеге сәйкес олимпиада пәнаралық кешенді олимпиада болып табылады және математика, физика, химия, биология пәндері бойынша өткізіледі. Оған жалпы орта білім беретін мекемелердің 7-8 сынып оқушылары (аудандық, мектепішілік олимпиада жүлдегерлері) шақырылады.

Олимпиадаға (қатысушының таңдауымен) 2 пән бойынша қатысуға болады. Олимпиада екі күн өтеді. Бірінші күні - физика-математикалық бағытта, екінші күні – химия-биологиялық бағытта өтеді. Олимпиадалық есептер шығару жеке және командалық түрде іске асырылады. Олимпиаданың қорытындысы 2 күннің нәтижесі бойынша командалық және жеке біріншілікте шығарылады.

Команда жетекшілеріне оқушыларды олимпиадаға дайындау бағытында (әр пәннен жеке) арнайы  оқыту семинар өткізіледі. Осыған орай, жетекші ретінде аталған пән мұғалімдерін жіберу керек.

Олимпиадаға қатысушылар үшін сәуір айы бойы «Ертіс дарыны» сайтында барлық пәндер бойынша жаттығу есептері және есепті шығарудың жолдары беріледі.

Іссапар шығындары жіберуші жақтың білім мекемелерінің есебінен төленеді.

Олимпиадаға қатысу туралы өтінімді 2011 жылы 18 сәуірге дейін берілген үлгі бойынша мына мекен жайға: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 4 немесе 8/7232/75-77-19 телефон – факсіне жіберулеріңізді сұраймыз.

Қ.И.Сәтпаев атындағы аймақтық олимпиадаға өтінім

Қатысушының аты-жөні

Ауданы

(қала),

мектебі

Сынып

Оқу

тілі

Таңдаған пән

(2 пәннен кем емес)

Топ жетекшілерінің толық

аты-жөні

(байланыс тел.)