Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп-кешенімен бірлесіп мектепке дейінгі жастағы балалардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының облыстық «Шығыс жұлдызшалары» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.
Конкурсқа 5-6 жастағы жас зерттеушілер қатысады.
Жобаларды қорғау келесі секциялар бойынша өткізіледі:
-техникалық құрастыру;
-қоршаған ортамен танысу;
-валеология;
-экология.
Конкурс екі кезеңнен тұрады:
- бірінші кезең – аудандық/қалалық (наурыз-сәуір);
- екінші кезең – облыстық (а.ж. 19 мамыр).
Облыстық кезеңге әр секция бойынша әр қала (ауданнан), мамандандырылған мектептен бір үздік жұмыс ұсынылады.
Конкурсты өткізу ережесі www.shygysdaryny.kz сайтында орналасқан.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді 2016 жылдың 6 мамырына дейін Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79 үйге, 8-7232-55-20-12 факсіне, vk_daryn@mail.ru электронды мекенжайына жіберу қажет.
Өтінім үлгісі:
|
Қатысушының аты, тегі |
Аудан (қала) |
Білім мекемесі |
Оқу тілі |
Секциясы |
Жоба тақырыбы |
Жетекшінің АЖТ |
|
|
|
|
|
|
|
|
Конкурсқа қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.