1. Мақсаты мен міндеттері
Берілген ереже жалпы білім беретін пәндер бойынша бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізудің тәртібін, мақсатын, міндеттерін анықтайды.
Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері – ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың зияткерлік дәрежесін жоғарлату, дарынды балалары анықтау мен дамыту үшін қажетті жағдай жасау, жетістікке жетуге уәждеме қалыптастыру болып табылады.
Олимпиаданың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы.
Олимпиаданың жұмыс тілі – қазақ және орыс тілдері.
2. Олимпиаданың жұмысшы органы
Олимпиаданы дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- олимпиаданың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды, тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- олимпиаданың қорытындысына талдау жүргізіп, жалпыландырады;
- олимпиада өткізілгенге дейін тапсырмалардың құпиялығына жауап береді;
- Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.
3. Қатысушылардың құрамы
Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының командалары қатысады.
Олимпиада қатысушылары облыстың жалпы білім беретін мектептерінің және мамандандырылған білім беру мекемелерінің 3, 4 сынып оқушылары (оқу тіліне қарамастан) болып табылады.
Командалар аудандық, қалалық олимпиадалардың қорытындысы бойынша құралады.
Команда 16 оқушы (кесте) және 2 жетекшіден құралады және келесі пәндер бойынша өкізілді:
|
Пәндер |
3 сынып |
4 сынып |
|
Қазақ тілі мен әдебиеті |
1 оқушы |
1 оқушы |
|
Орыс тілі мен әдебиеті |
1 оқушы |
1 оқушы |
|
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі |
1 оқушы |
1 оқушы |
|
Қазақ сыныптарындағы орыс тілі |
1 оқушы |
1 оқушы |
|
Ағылшын тілі |
1 оқушы |
1 оқушы |
|
Математика (қазақша, орысша) |
1 оқушы |
1 оқушы |
|
Дүниетану (қазақша, орысша) |
1 оқушы |
1 оқушы |
|
Бейнелеу өнері |
1 оқушы |
1 оқушы |
|
БАРЛЫҒЫ |
8 оқушы |
8 оқушы |
4. Олимпиаданың өткізілу тәртібі, мерзімі мен орны
Олимпиада Ш кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезең – мектепішілік (ақпан);
- екінші кезең - аудандық/қалалық (сәуір);
- үшінші кезең - облыстық (мамыр).
Жұмыс жазбаша орындалады. Тапсырмаларды орындау уақыты – 90 минут, бейнелеу өнері – 120 минут.
5. Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
6. Қаржыландыру
Олимпиаданың қаржыландырылуы бекітілген шығындар сметасына сәйкес жүзеге асырылады.
Олимпиадаға қатысушылардың іссапар шығындары бағыттаушы жақтың немесе демеушілердің есебінен өтеледі.