+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Мектепке дейінгі жастағы балалардың «Шығыс жұлдызшалары» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізу ережесі
17 Нау, 09:50

1.  Жалпы ережелер

1. Осы ереже «Шығыс жұлдызшалары» балалар зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары конкурсының облыстық кезеңінің (бұдан әрі - Конкурс) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыруды қамтамасыз етуін, өткізу тәртібі мен қаржыландыруды, конкурсқа қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

2. Конкурстың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп-кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

3. Конкурстың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балалардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру.

4. Конкурстың негізгі міндеттері:

- мектепке дейінгі жастағы балалардың зияткерлік шығармашылығын дамыту, оларды ғылымдағы зерттеу әрекетіне тарту;

- зияткерлік және ғылыми-техникалық шығармашылық саласындағы дарынды, қабілетті мектепке дейінгі жастағы балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету;         

-.оқушылардың үздік жетістіктерін, оқу және ғылыми-зерттеу ісін, өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру бойынша оқу орындарының тәжірибесін көрсету және насихаттау;

- педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберліктерін көтеру;

- қоғамның зияткерлік әлеуетін дамытуға әлеуметтің назарын аудару.

2.  Конкурсқа қатысушылар

5..Конкурсқа жас зерттеушілер – білім беру ұйымдарының және дарынды балалармен жұмыс жүргізетін мамандандырылған мектептердің 5-6 жастағы тәрбиеленушілері қатысады.

3.  Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

6. Конкурс екі кезеңде өтеді:

- бірінші кезең – аудандық/қалалық (наурыз-сәуір);

- екінші кезең – облыстық (19 мамыр).

7. Жобаларды қорғау келесі секциялар бойынша өткізіледі:

-техникалық құрастыру;

-қоршаған ортамен танысу;

-валеология;

-экология.

8. Жұмысты қорғау үшін авторға 10 минутқа дейін уақыт беріледі (баяндама үшін - 7 мин., сұрақтарға – 3 мин.)

9. Конкурсқа қатысу үшін қалалық (аудандық) білім бөлімі басшысының немесе дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорының қолымен бекітілген өтінімді жіберу қажет.

10.  Облыстық кезеңге әр секция бойынша әр қала (ауданнан) 1 үздік жұмыс ұсынылады.

11.  Конкурсқа ұсынылған жұмыстарға түсініктеме берілмейді және қайтарылмайды.

12.  Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.

4.  Конкурсқа ұсынылатын зерттеу жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар

13. Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялық, эксперименттік, өнертапқыштық сипатта жоспарлануы мүмкін. Зерттеу жұмыстары қазақ немесе орыс тілдерінде (қағаз және электронды түрде) ұсынылады. Жұмыс көлемі 10 парақтан аспауы қажет. Беттердің жиектері мен нөмірлері болуы қажет.

14. Әрбір зерттеу жұмысында зерттеушінің таңдаған тақырыбының мақсаттылығы, автордың қосқан үлесі, жетістіктері мен кемшіліктері туралы жетекшінің пікірі болуы керек.

15. Жұмысқа қойылатын талаптар:

1) жұмыс мәтіні компьютерде басылып шығуы (WORD; 14 қаріп; ара қашықтығы 1,5; сол жақтан – 2 см шегініс) және келесілерден тұруы қажет:

- басқы бет;

- мазмұны;

- резюме (аннотация) – қазақ және орыс тілдерінде (жұмыстың қай тілде жазылуына байланысты) жұмыстың негізгі бөлімінің қысқаша мазмұндамасы;

- кіріспе – жұмыстың өзектілігі және тақырыптың таңдалуы, мақсаты мен міндеттері, жұмыстың орындалған жерін көрсетеді.

- негізгі бөлім: зерттеу материалы мен әдістері, эксперименттік бөлім, жұмыс нәтижелері және оларды талқылау;

- қорытынды;

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

2) басқы бетте келесілер көрсетіледі:

- жұмыс орындалған ұйымның толық атауы;

- жұмыстың тақырыбы;

- бағыты;

- орындаушы (аты-жөні, білім беру  ұйымы, қала / аудан);

- жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, лауазымы, жұмыс орны);

- жұмыстың орындалған жылы;

- жұмыстың электронды түрін дискіге жазып, жұмыспен қоса жіберу керек.

16..Зерттеу жұмыстарын немесе ғылыми жобаларын қорғау үшін қатысушылар көрнекі құралдар, сызбалар, суреттер, макеттер, презентациялар даярлау қажет.

17. Конкурс жұмыстары келесі критерийлермен бағаланады:

- шығармашылық ізденіс;

- жобаны ұсыну шеберлігі;

- талапқа сай жобаның рәсімделуі.

5.  Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

18. Жеңімпаздар дипломмен марапатталады.

19. Барлық қатысушыларға сертификат табысталады.

6.  Қаржыландыру

20. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.

21. Конкурсқа қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары (екі жаққа жол шығыны, жатын орны) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.