+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Шапағат» - жас өнертапқыштар конкурсы
15 Нау, 06:26

2016 жылдың 9 наурызы мен 12 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы Шүлбі кентінде «Дарындылықты дамыту және оқытудың қосымша формалары» зертханасының базасында «Шапағат» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

Конкурстың мақсаты- өнертапқыштық қызметті насихаттау және қолдау, перспективалық өнертабыстарды ілгерілету көмек көрсету үшін, балалардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуеті мен білім беру мүдделерін ынталандыру.

Қатысушылардың жұмыстарын облыстың ғылыми қызметкерлері, педагогика, техника ғылымдарының кандидаттарынан құралған қазылар алқасы келесі шарттар бойынша бағалады: шығармашылық қабілеті, ғылыми ойлауы, тақырыптың ашылу дәрежесі, зерттеу әдістерін пайдалану әсерлілігі, сөз сөйлеу шеберлігі, көрсетілген материалдың сапасы.

Конкурс қорытындысы бойынша 17 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. 

I орын алғаны үшін грамотамен:

1. Семей қаласы № 39 орта мектептің 11 сынып оқушысы Махметов Темірлан;

2. Семей қаласы қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Машпиев Нұржан, 10 сынып оқушысы Уразаев Днислам;

3. Күршім ауданы Теректі орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мұратова Сұлужан марапатталды.

ІІ орын алғаны үшін грамотамен:       

1.  Семей қаласы Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің 11 сынып оқушысы Слямгазинов Нұрбол;

2.  Катонқарағай ауданы үлкен Нарын ауыл лицейінің 9 сынып оқушысы Тлеули Нариман;

3.Бесқарағай ауданы Борас орта мектебінің 9 сынып оқушысы Власов Михаил;

4.  Риддер қаласы № 9 орта мектептің 9 сынып оқушысы Плешков Владимир марапатталды.

ІІІ орын алғаны үшін грамотамен:

1.  Семей қаласының № 48 орта мектептің оқушысы Ишеева Камила;

2.  Семей қаласының № 48 орта мектептің оқушысы Толеуханов Тимур;

3.  Бородулиха ауданы Иванов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Туйкин Ленар;

4.  Семей қаласы Шәкәрім атындағы обылыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің 10 сынып оқушысы Смағамбетов Бекжан;

5.  Катонқарағай ауданы үлкен Нарын ауыл лицейінің 10 сынып оқушысы Коренюк Алина;

6.  Шемонаиха ауданы Н.Островский атындағы мектеп-гимназияның 11сынып оқушысы Мухтархан Сезым;

7.  Өскемен қаласы № 34 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп -лицейінің оқушысы Приходько Евгений;

8. Өскемен қаласы дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми зерттеу мектебінің 5 сынып оқушысы Картышов Глеб;

9. Өскемен қаласы О. Бөкей атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Ризабеков Медет;

10.  Өскемен қаласы О. Бөкей атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Джельменов Кыдырман;

11.  Жарма ауданы Қарасу орта мектебінің 10 сынып оқушысы Токтабаева Ажар;

12.  Жарма ауданы Қарасу орта мектебінің 10 сынып оқушысы Тохтарова Еркежан;

13.  Күршім ауданы №2 Теректі орта мектебінің 11 сынып оқушысы Женис Айбол марапатталды.

Облыстық конкурс жүлдегерлерінің жұмыстары республикалық «Шапағат» конкурсына қатысуға жіберіледі. Қатысушыларға мәдени бағдарлама: түрлі интеллектуалды сайыстар, спорттық эстафета, ойын-сауық бағдарламалар, шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жүлделеріңіз құтты болсын !!!