+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жас ғалымдардың абыройлы жеңісі
09 Нау, 05:52

2016 жылдың 1 - 8 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Оңтүстік Корея мемлекеті, Тэджон қаласы WOOSONG Халықаралық университеті мен SolBridge International School of Business университетінің базасында өткен халықаралық «Жас ғалым» конкурсына қатысты.

Сайыстың мақсаты: дарынды оқушыларды анықтап, қолдау, зерттеушілік-ізденіс қызметіне қызығушылық танытқан оқушылардың үздік жетістіктерін насихаттау және Кореяның жоғарғы оқу орындарымен шығармашылық қарым-қатынасты нығайту.

Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысынан 6 оқушы қатысты. Профессор-оқытушылардан құралған халықаралық деңгейдегі қазылар алқасы жас зерттеушілеріміздің жұмыстарын ерекше атап өтті.

Қорғалған авторлық жобалар қорытындысы бойынша 2 оқушы алтын медаль иегері, 3 оқушы күміс медаль иегері атанды.

І дәрежелі дипломмен:

1. Семей қаласы, қазақ-түрік лицейінің11 сынып оқушысы Каскен Абылайхан;

2. Өскемен қаласы «Нұрорда» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Естаев Ербол марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен:

1. Өскемен қаласы «Нұрорда» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Копжасаров Ельдар;

2. Семей қаласы, №37 орта мектептің 11 сынып оқушысы Оразбекова Алуа;

3. Семей қаласы №6 гимназияның 11 сынып оқушысы Рахманбекова Айжан марапатталды.

Сайысқа қатысушылар үшін қызықты мәдени-танымдық бағдарлама: ETRI электроника және телекоммуникация институтына бару, Сеул қаласының көрікті жерлеріне, ғылыми-тарихи мұражайларға, Император сарайына саяхат ұйымдастырылды.

Сайысқа қатысушыларды және ата-аналарын, жетекшілерін құттықтаймыз!

Келешек табыстар тілейміз!