+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Ө. Жолдасбеков атындағы механика және математикадан зерттеу жұмыстары халықаралық конкурсындағы ШҚО оқушыларының қатысу қорытындысы
04 Нау, 12:23

2016 жылдың 29 ақпан - 5 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Алматы қаласында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика, механикадан оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына қатысып қайтты.

Конкурсқа Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан көрші мемлекеттерінен 200-ден артық оқушылар қатысты.

Халықаралық конкурс Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математикалық факультетінің базасында өтті. 

Халықаралық сайыстың мақсаты оқушылардың зерттеу іс - әрекетінің жүйесін ұйымдастыру және инфрақұрылымын жетілдіру, сонымен қатар, математика ғылымына қызығушылық танытып жүрген, зерттеуге қабілетті оқушыларды анықтау болып табылады.

Сайыстың қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен:

 - Амерханов Әділбек – Өскемен қаласы, "Нұрорда" мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы.

- Тулюгалиев Асқар - Өскемен қаласы, "Нұрорда" мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы.

- Шаймерденова Жұлдыз - Семей қаласы, №6 гимназиясының 11 сынып оқушысы.

- Жұманбеков Алихан - Семей қаласы, №6 гимназиясының 11 сынып оқушысы.

- Жұртыбек Дәулетбек - Шәкәрім атындағы дарынды балаларға арналған облыстық үш тілде оқытатын мектебінің 11 сынып оқушысы.

- Талғат Азамат - Шәкәрім атындағы дарынды балаларға арналған облыстық үш тілде оқытатын мектебінің 11 сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі дипломдармен:

- Ашимов Темірлан – Семей қаласының дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей интернатының 11 сынып оқушысы.

- Сағидоллаев Мейіржан -  Семей қаласының дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей интернатының 11 сынып оқушысы.

- Қанаев Айбек - Аягөз ауданы, қалалық қазақ мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы.

- Нұржақаев Олжас – Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық арнайы мамандандырылған лицей интернатының 11 сынып оқушысы.

- Нұрпеисов Акежан - Семей қаласы қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы.

- Ахметов Ислам - Өскемен қаласы, №39 орта мектебінің 11 сынып оқушысы.   

- Ерғазы Ақбота -  Үржар ауданы, Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп-бақша және мектеп жанындағы интернатының 11 сынып оқушысы.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ғылыми-зерттеушілік жұмыста сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!