2016 жылдың 1 наурызында Алғыс айту күніне арналған «Шығыстың жас дарындары» форумы өтті. Шараның ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы.
Форум Өскемен қаласындағы «Нұр Орда» мектеп-лицейінде өтті.
Шараға республикалық, халықаралық зияткерлік, шығармашылық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері және жеңімпаз оқушылар, сондай-ақ облысымыздың шығармашылықпен айналысатын ұстаздары, ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушыларға ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының директорының ғылыми-әдістемелік ісі бойынша орынбасары Г.Б. Рахимжанова құттықтау сөзін арнады. Ол облысымыздағы дарынды балалармен жүргізіліп жатқан жұмыстар жүйесіндегі жетістіктер туралы баяндады. Дарынды балалармен жұмыстарды үйлестіру үшін республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығын ашу туралы идеяны ұсынған Қазақстан Республикасының Президентіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруда облысымыздың дарынды жастарына белсенді қолдау көрсеткені үшін облыс әкімшілігіне өз алғысын білдірді.
Құттықтау сөзбен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің академиялық саясат және білім бағдарламаларын басқару басқармасының директоры И.С. Стеблецова және облыстық қосымша білім және дене шынықтыру орталығының директор орынбасары Б.Б. Оспанова сөз сөйледі. Республикалық және халықаралық олимпиада жүлдегерлерінің анасы Г.К. Канапина ризашылығын білдірді.
Алғыс айту күніне өткен жылдардың түлектері – түрлі олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары шақырылды. Алғыс білдіріп сөз сөйлегендер: «Best» білім орталығы директоры, ҚАЕУ Президентінің кеңесшісі Құрманғалиева Айжан; С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің 4 курс студенті – Еркін Қуаныш. Ол Алғыс айту күніне орай «Арнау» орындады. Республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері Ауданбекова Аружан мен Маратова Жанбота Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевқа, Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығына, ұстаздар мен ата-аналарға алғыстарын білдірді.
Шараның соңында дәстүрлі түрде дарындықтардың әнұраны орындалды.
Ұйымдастырылған шара игі дәстүрге айналып барлық форум қатысушыларын жаңа, жарқын әсерге бөлеп, биік жетістіктерге жетуіне ықпал етеді деген сенімдеміз.