2016 жылы 22-28 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы Шүлбі кентінде «Дарындылықты дамыту және оқытудың қосымша формалары» зертханасында 5-10 сыныптар аралығында жас химиктер мен биологтарға арналған «Ғылым және жаңалықтар әлемі» атты бейіндік ауысымды өткізді.
25 ақпанда бейіндік ауысым аясында 6-10 сыныптар арасында химия, биология пәндері бойынша шағын олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиада қорытындысы бойынша 6 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. II - дәрежелі дипломмен 2 оқушы, III дәрежелі дипломмен - 4 оқушы марапатталды.
Олимпиада жүлдегерлері:
II-орын
1.Серік Талғар - Семей қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 8-сынып оқушысы (химия);
2.Альмухамбет Ралина - Жарма ауданы Абай атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы (химия).
III орын:
1.Кусманов Әкежан - Семей қаласы «Жас ұлан» ерлер мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы (химия);
2.Мурзаканов Султан - Семей қаласы «Жас ұлан» ерлер мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы (химия);
3.Славягина Александра-Бородулиха ауданы Н.Островский атындағы орта мектептің 9 - сынып оқушысы (химия);
4.Асқаров Амиралан – Өскемен қаласы №44 мектеп лицейінің 10-сынып оқушысы (биология).
Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді, жүлдегерлер дипломдармен марапатталды. Ауысым барысында жылыжайда ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді,сонымен қатар «Әйгілі химик, биологтар» атты жоба қорғалды.
Түрлі зияткерлік іс-шаралар ұйымдастырылды; «Ең ақылды химик», «Ақылгөйлер», шығармашылық іс-шара «Ғылымның қажеттілігі мен маңыздылығы», танымдық сағаттар, спорттық шара «Пилатес», «Step up», зияткерлік-сайыс «Білім аукционы», «Көңілді старт» және т.б.