Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының бастамасымен 2016 жылдың 25 ақпанында Өскемен қаласындағы №4 ОМ базасында «Жалпы білім беретін мектепте әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының негізінде оқушыларды бейіндік даярлаудың перспективалық бағыттарын анықтау және оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру саласында жинақталған іс-тәжірибемен бөлісу.
Семинардың міндеттері: оқушылардың бейіндік дайындау ерекшеліктерімен қатысушыларды таныстыру, №4 ОМ негізінде оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру саласында жинақталған іс-тәжірибені тарату, «Мәңгілік ел» білімдік-тәрбиелік орталығының жұмысымен танысу.
Семинарға облыстық мамандандырылған «Жас Ұлан» ерлер мектеп-лицей-интернатына бекітілген облыстың жалпы білім беретін мектептерінің директорлары, директорлардың тәрбие ісі бойынша орынбасарлары, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары шақырылды.
Семинарда қатысушылар назарына 3 «К» взвод оқушыларын кадеттер қатарына қабылдау рәсімі, кадеттер сыныбындағы сабақтар фрагменттері, кадет аналары Кеңесінің отырысы, «Жас Ұланның» әскери-спорттық ойыны, №4 ОМ әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесінің презентациясы ұсынылды.
Теориялық бөлімде Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы А.Е. Садыкова баяндама жасады. Ол қонақтар мен семинарға қатысушыларды «Тәуелсіздік тірегі – дарынды ұрпақ» жобасымен таныстырды.
Өскемен қаласындағы №4 ОМ директоры О.П. Зюзь «№4 ОМ» КММ әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесі» тақырыбында баяндама жасады. Ол мектептің кадет корпусы негізінде әскери-патриоттық тәрбие беру саласында жинақталған іс-тәжірибемен бөлісті.
Семинар соңында, дөңгелек стол аясында ШҚО білім басқармасы мен қарулы күштер мекемелері арасында өзара бірлесіп атқарылатын жұмыстардың келешегі талқыланып, «Шығыс ұландары» сыныптарын ашу бойынша бірқатар сұрақтар талқыланып, ШҚО білім басқармасы мен қарулы күштер мекемелері арасында өзара ынтымақтастық туралы Мемарандумға қол қойылды.