+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы командасының жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысу қорытындысы
24 Ақп, 13:44

2016 жылдың 16-19 ақпанында Алматы қаласында Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысты.

Шараның мақсаты шығармашылық қабілеттерді айқындау және жетілдіру, ғылыми қызметті қолдауға қажетті жағдай жасау, оқушылар тұлғасын айқындайтын әлеуметтік маңыздылығы бар қасиеттерді қалыптастыру.

Шығыс Қазақстан облысынан 9-11 сыныпта оқитын 47 оқушы (37 жоба) қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша ШҚО командасы жалпыкомандалық бірінші орын және «Үздік команда» номинациясында дипломмен марапатталды.

28 оқушы жүлделі орынға ие болды.

I дәрежелі дипломмен Күршім ауданындағы Қалжыр орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сәйкенов Фараби марапатталды (әдебиет).

ІІ дәрежелі дипломмен келесі оқушылар марапатталды:

 - Ермолаев Вячеслав - Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған  мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы  (математика);

-Воробьёв Илья Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған    мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы (математика);

-Оралбеков Меир - Өскемен қаласындағы көпбейінді №3 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы (қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау);

-.Куркембаева Арай - Семей қаласындағы №39 орта мектептің 11 сынып оқушысы (биология);

-Баймұрұнова Диляра - Семей қаласындағы №39 орта мектептің 11 сынып оқушысы (биология);

- Сейтова Марина - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11 сынып оқущысы (қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау);

-  Оразбекова Алуа - Семей қаласындағы №37 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы (биология);

-  Есеналиева Аружан - Семей қаласындағы №37 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы (биология);

ІІІ дәрежелі дипломмен келесі оқушылар марапатталды:

- Уалиев Амир - Өскемен қаласындағы №19 орта мектептің 11 сынып оқушысы (физика);

- Қанаев Айбек - Аягөз ауданындағы қалалық қазақ мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (қолданбалы математика);

- Рубель Александр - Семей қаласындағы №37 гимназияның 11 сынып оқушысы (этномәдениеттану);

- Мағазбеков Нұр - Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің 11 сынып оқушысы (әдебиет);

- Уәлиева Айдана - Өскемен қаласындағы көпбейінді №3 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы (математика);

- Пергаева Александра - Семей қаласындағы №6 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы (этномәдениеттану);

- Куприянова Дарина  -  Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының 11 сынып оқушысы (информатика);

- Әнуарбекова Еркежан - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11 сынып оқушысы (техника);

- Шәріпжанова Гауһар  -  Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11 сынып оқушысы (тіл білімі);

- Нұқсанұлы Жақсылық - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11 сынып оқушысы (химия);

- Мырзаханов Ильяс - Өскемен қаласындағы көпбейінді  №3 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы (математика);

- Замятин Роман - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының 11 сынып оқушысы (информатика);

- Нұржакаев Олжас - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 11 сынып оқушысы (қолданбалы математика);

- Токқазы Мейрам - Өскемен қаласындағы №16 орта мектептің  11 сынып оқушысы (физика);

- Ермекова Дина - Күршім ауданының К. Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы (биология);

- Давыдова Ксения - Өскемен қаласындағыоблыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы (техника);

- Деш Яна - Өскемен қаласындағы №10 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы (Жер және Ғарыш туралы ғылым);

- Мусина Дина - Өскемен қаласындағы «Нұрорда» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (қолданбалы математика).

Республикалық ғылыми жобалар сайысында бірінші, екінші, үшінші орын алған жүлдегерлер Қазақстанның жоғары оқу орындарына білім беру гранттарын бөлуде басымдылық құқығына ие болады.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығының мақтау қағаздарымен келесі оқушыларды марапатталады:

- Кенесханов Ескендір - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің  11 сынып оқушысы (биология);

- Ильин Данил - Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған    мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы (информатика);

- Ларин Антон - Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған  мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы (информатика);

- Мамбетов Шакарим - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың  11 сынып оқушысы (тарих);

- Бауыржанова Айғаным - Зайсан ауданындағы Х. Мустафина атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы (тарих);

- Хаирбекова Динара- Зырян ауанындағы Киров атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы (өлкетану);

- Сайбаева Сара - Бородулиха аудандағы Жезкент орта мектебінің 9 сынып оқушысы (қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау);

- Хосчанова Диана - Өскемен қаласындағы №4 орта мектептің оқушысы (биология);

Күршім ауданындағы Қалжыр орта мектебінің оқушысы Сәйкенов Фараби «Үздік ауыл оқушысы» номинациясымен марапатталды.

Республикалық конкурс қатысушыларына қызықты ақпараттық мәдени ойын-сауық бағдарламалар, Алматы қаласына саяхат, «Медеу» спорт кешенін аралау, концерттік бағдарлама және т.б. ұйымдастырылды.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды, олардың ұстаздары мен ата-аналарын шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға өздерінің ғылыми зерттеу саласындағы білімдерін жетілдіре түсіп, алдағы өмірде сәттілік және жеңіске жете берулерін тілейміз!