Өскемен қаласында, 08-09 сәуір айында Шығыс Қазақстан Облысының өнер мектептері және балалар музыка мектептерінің музыка теорисы пәндері кезеңінің 1-ші облыстық «Субдоминанта» байқауы өтті Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы осы байқаудың ұйымдастырушысы болды.
Аталған байқау ағайынды әртістер Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжі және де Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп төңірегінде ұйымдастырылды.
Байқау музыкадағы дарынды балаларды айқындау, олардың шығармашылық белсенділіктерін, ішкі, білім және парасаттылық деңгейін дамыту мақсатында өткізіледі. «Талант должен, прежде всего, мыслить!» (Генрих Нейгауз). Әрине тек осы байқау музыкада жас ойшылдарды айқындайды. Музыка әдебиеті және сольфеджио тәртібімен қатарлас жүргізген бұл ұйымдастырушылардың жылдағы жоспары.
2011 жылғы бұл байқау музыка әдебиеті бойынша жүргізілді, оның негізгі мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылды және де музыканы қабылдау процесінде әртүрлі дәуірдің және стилдің музыкалық есту қабілеттерін белсендіру болды.
Байқаудың салтанатты ашылуы Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептің концерттік залында өтті. Бұл байқаудың қонақтарын Шығыс Қазақстан өнер колледжінің директоры А.О.Дюсупова, МДБ ОММ директоры А.П.Тютюньков, сонымен қатар МДБ ОММ және ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің оқушылары – халықаралық және республикалық байқаудың жас орындаушылар лауреаттары, Алена Косачева (скрипка), Инга Хисматуллина (фортепиано) және Глубокое кентінің балалар музыка мектебінің ішекті ансамблі – жетекшісі Галина Стрельникова қарсы алды. Бірінші облыстық «Субдоминанта» байқау Шығыс Қазақстанның әртүрлі өңірінен 17 жас музыка жетекшілерін жинады, оның қатысушылары Өскемен, Семей, Курчатов, Зайсан, Аягөз, Глубокое аудандарының және де Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептің өкілдері болды. Байқаудың қатысушылары екі тапсырманы орындады – өздері орындаған музыкалық шығарманы жазбаша жазды және шығарманы ауызша талдады. Байқау жеңімпаздарын әділқазылар алқасы құрамындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің, Семей қаласындағы музыка колледжінің, Өскемен қаласының №1 БММ және Музыкадағы дарынды балаларға арналаған облыстық мамандандырылған мектептің оқытушылары анықтады. Қатысушылардың өнерін бағалаудың негізі ол, музыкалық сауаттылығы, ой өрісі, әсерлілігі және жеке тұлғалылығы.
Келесі қатысушылар байқаудың лауреаттары атанды:
3 орын - Варакина Елена –Глубокое ауданындағы Белоусовка кентіндегі балалар музыка мектебі;
Утилова Айдана – Зайсан қ,балалар өнер мектебі ;
Аманова Аяжан – Курчатов қ, балалар музыка мектебі;
Егизеков Диас – Семей қ, № 2 балалар музыка мектебі;
2 орын - Демеубаева Акерке - Өскемен қ, МБД ОММ;
Собченко Алена - Өскемен қ, МБД ОММ;
Хакимова Нургуль - Семей қ, № 2 балалар музыка мектебі;
Мухаметова Инкар – Зайсан қ, балалар өнер мектебі;
1 орын – Калиуллаев Берик -Өскемен қ, № 1балалар музыка мектебі;
Абилкаирова Алинур - Аягөз қ, балалар өнер мектебі.
Байқаудың жабылу салтанатында барлық лауреаттарға Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасының дипломы берілді, қалғандары номинация бойынша ШҚ өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамотасымен марапатталды. Және де ӨҒПО «Дарын» байқаудың бірінші орын алған жеңімпаздарына - Калиуллаев Берікке (Өскемен қ) және Абилкаирова Алинурға (Аягоз қ) Республикалық балалар «Балдаурен» сауықтыру лагеріне екі жолдама берді. Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп және ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжі атынан байқауға қатысушыларға аздаған сыйлық үсынылды. Және де ШҚ өнер колледжі екі кәсіби қатысушыларға, өткен облыстық байқаудың лауреаттары Абилкаирова Алинурға (Аягоз қ) және Варакина Еленаға (Глубокий ауд.. Белоусовка кенті) «Музыка теориясы» мамандығы бойынша байқаудан тыс ШҚ өнер колледжіне оқуға тапсыруларына куәлік берілді.
Және де «Субдоминанта» байқауының бағдарламасына балалар музыка мектебінің музыка әдебиеті және өнер мектебі оқытушыларына арналған қазақ музыкасы семинары кірді; Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептің оқытушыларының теория шеңбері кезеңінде оқу және әдістемелік әдебиеті, қазақ салтының музыка өнері және Қазақстан композиторларының қазіргі заман музыкасы көрмесі ұйымдастырылды.
Тағыда айтарлығы «Субдоминанта» байқауы Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай өз бастамасын алды. Оны болашақта үлкен шығармашылық жетістіктер күтіп, Шығыс Қазақстанда жыл сайынғы өтетін интеллектуалды жарыстар балалар ансамблінің музыка байқауына үлес қосуда.