2016 жылдың 4-5 ақпан күндері Астана қаласында Ұлт көшбасшысы кітапханасында өскелең ұрпақ бойында қазақстандық патриотизмдік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Әлемді өзгертетін идея» атты оқу семинары өтті.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі және Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының қолдауымен өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы облыстың дарынды оқушыларын семинарға қатысуын ұйымдастырды.
Семинарға өз аймақтарында белсенді, көшбасшы және әртүрлі деңгейдегі республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары атанған 9-10 сыныптың 20 оқушысы қатысты.
Қатысушылар бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы ұлт жоспарының 100 нақты қадамдары бойынша дәрістер курсын тыңдады. Дәрістен кейін материалдарды бекіту бойынша өзіндік жұмыстар, ой бөлісу, пікір алмасу тәжірибелік сабақтары өткізілді.
Семинардың тәжірибелік сабақтары жаңа технологияларды пайдалана отырып, инновациялық форматта Н.Ә. Назарбаевтың Астана қаласының құрылысына, мемлекеттік рәміздер тарихына қосқан үлесі жайлы ең өзекті мәтіндік, видео, фото құжат ақпаратпен қамтылған «білім беру үстелдерімен» жабдықталған.
Семинар соңында Тұңғыш Президенті кітапханасының атқарушы директоры Б.К. Жұмабеков жас белсенділерді құттықтап, сертификаттар табыс етті.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов жастарға: «Біз өзіміздің алтын уақытымызды қастерлеп, өзімізді көп жұмыс істеуге, оқуға мәжбүрлеуіміз қажет. Ұлт көшбасшысының үштілділік жайлы идеясын құнды деп есептеймін. Мәңгілік елдің азаматы және патриоты болу, - көптілділік деп есептеймін. Рухани байлықтың ең сенімді жолы болып табылады».
Риддер қаласының 10 сынып оқушысы Голубых Алинаның ойынша қатысушыларға семинар ұнады: «Маған дәріс өте ұнады, мазмұнды және тиімді болды. Жаңалығы көп, өте пайдалы, қызықты өтті. Мен көп жайтты білдім. Менің ойымша, осындай семинарлар өте қажет, өйткені, олардың арқасында қызықты адамдармен танысуға мүмкіндік болады».
Семинар оқушыларды жаңа мақсаттарды жүзеге асыруға жігерлендірді. Ең бастысы, олардың қолынан бәрі келетініне сеніммен қарайық!