1. Жалпы ережелер
Осы Ереже Республикалық «Балалар бастауы-2016»балалардың әлеуметтік бастамалары байқауынның облыстық кезеңін (бұдан әрі - Байқау) өткізудің тәртібін, мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру тәртібін және қаржыландыруды анықтайды.
Байқаудың негізгі мақсаты – балалардың белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу, өзінің тұрып жатқан қаласының, ауылының өміріне қатысуға құқығын қамтамасыз ету, дұрыс өмірлік бағдарын таңдау дағдылырына баулу.
Байқауды ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (бұдан әрі – ШҚО ББ), Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы).
Байқаудың өту тілі - қазақ және орыс тілдері.
2. Байқауды өту мерзімі, тәртібі және орны
Байқаудың кезеңдері:
1-кезең қалалық (аудандық) 2016 жылдың 1 ақпаны мен 10 наурызы аралығында қалалық ( аудандық) білім бөлімдері;
2-кезең облыстық 2016 жылдың 15 сәуірінде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы өткізеді.
3. Байқауды өткізу тәртібі
Байқауға жекелей немесе топтық әлеуметтік жоба дайындаған оқушылар қатыса алады. Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 3 ең үздік балардың жоба ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жіберіледі.
Жобалардың қағаздық және электрондық нұсқасы қабылданады (флеш-картада немесе СD-дискіде). Жобаның көлемі А4 форматындағы 10 беттен кем емес және 20 беттен артық емес (титул парағы есептелмейді) болуы тиіс, Times New Roman 14 кегль шрифті, 1 жоларалық интервал.Жеке дайындалған жобаны таныстыруға және қорғауға 5-7 минут, ұжымдық жобаға - 7-10 минут уақыт беріледі. Жобаларды қорғау барысында POWER POINT-те дайындалған презентация немесе бейнероликті пайдалануға болады.
ЖОБАЛАРДЫ РЕСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ:
Титул парағы:
1) Жобаның атауы
2) Жоба авторы немесе авторларының аты-жөні
3) Жасы
4) Жобаның жетекшісі
5) Аймағы
4. Қатысушылардың құрамы
Байқауға қатысуға 11-18 жас аралығындағы білім беру ұйымдарының оқушылары, оның ішінде интернаттық мекемелерінің оқушылары, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, мумкіндігі шектеулі балалар қатыса алады.
5. Конкурсты дайындау мен өткізуге қойылатын талаптар
Байқаудың сәтті өтуіне РR компаниясын ұйымдастыру қажет:
1. бұқаралық ақпараттар арқылы «Балалар бастауы-2016» байқауының басталғанын хабарлау.
2. медиа-жоспар дайындау;
3. сайт, журнал, газет беттерінде байқау туралы жүйелі ақпараттың орналасуын қамтамасыз ету;
4.байқаудың бірінші және екінші кезеңдерінің барысын аяқтау;
5. Іс-шаралардың қорытындысы баспасөз-конференция немесе аналитикалық мақала, сұқбат, баяндама түрінде өткізуге болады.
6. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
7. Қаржыландыру
Бекітілген сметаға сәйкес Байқауды Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы қаржыландырады.
Қатысушылардың жол шығындары жіберуші білім мекемелерінің немесе демеушілердің есебінен өтеледі.