+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім беретін «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларды «On- line» режимінде тестілеудің қорытындысы
22 Қаң, 05:06

2016 жылдың 18 қаңтарында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесе отырып, «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер облыс мектептерінің оқушыларынаон-лайн режимінде тестілеу өткізді.

Аталған шара оқушылардың пән бойынша өз білімдерін тексеруге, ҰБТ-ға психологиялық дайындалуға мүмкіншілік жасайды.

«Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушылардың жалпы саны 424. Бірінші тестілеуге 321 оқушы қатысты.

«Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларға арналғанған шара жыл бойында әр айдың 18 күні Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ оқу порталында www.do.ektu.kz өтеді.

Сәттілік тілейміз!