2016 жылдың 13-19 қаңтары аралығында Алматы қаласында дарынды балаларға арналған О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының базасында математика, физика, информатикадан XII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Болгария, Румыния, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстанның командалары қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Семей қаласы, облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Айтказинов Шынгыс күміс медальді жеңіп алды.
Шыңғыс – XXI халықаралық «Туймаада-2015» олимпиадасының жеңімпазы Якутия қаласы, жалпы білім беретін пәндер бойынша 2014, 2015 жылғы Республикалық олимпиаданың жүлдегері, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамының мүшесі.
Шыңғысты, ата-анасын және ұстаздарын олимпиададағы үлкен жетістігімен құттықтаймыз!