2016 жылдың 15 қаңтарында «Мектепке дейінгі білім беру сыныптарында «Дарынды бала» бағдарламасын іске асыру» атты облыстық семинар облыстың жалпы білім беретін мектептерінде дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсетіп, мұғалімдерді даярлайтын тірек мектептер қатарындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп базасында өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы ШҚО білім басқармасы болды.
Семинар бірлескен жұмыс жоспары, сондай-ақ, мамандандырылған және ауылдық мектептер арасында ынтымақтастық келісімі аясында өткізілді.
Іс-шара барысында ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы директорының ғылыми әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары Г.Б. Рахимжанова қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Ол дарынды балалармен жұмыста мамандандырылған мектептердің тірек мектептермен келісімін ұйымдастырудағы білім басқармасының жаңа жобалары жайлы әңгімеледі.
Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің директоры И.Е. Трунова мен мектеп директорының орынбасары С.Ю. Тинкова «Мектепке дейінгі білім беру сыныптарында «Дарынды бала» бағдарламасын іске асыру» тақырыбындағы баяндамасымен көпшілік алдында сөз сөйледі. Олар мектепке дейінгі даярлық сыныптарында дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша жинақталған тәжірибесімен бөлісіп, қызметтің өзекті бағыттарын анықтады, мектепке дейінгі оқыту сыныптарында балалардың диагностикасын жүйелеу қажеттілігін атап өтті.
Семинар аясында оқу-әдістемелік құралдар мен дамытушы ойындардан көрме ұйымдастырылып, мектепке дейінгі сыныптарға экскурсия өткізілді.
Мектепке дейінгі топтардың тәрбиешілері Г.Л. Кожевникова, Е.Ю. Шестерикова, О.С. Королёва, Г.А. Коновалова «Әлеумет», «Таным», «Шығармашылық» білім салалары бойынша сабақтар, сонымен бірге, балалардың қатысуымен ойындық жағдаяттар көрсетті.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында ШҚО қала және аудан мектептерінің ДБА ОММ ФИМ бірлескен ынтымақтастығы жөнінде бірнеше сұрақтар қарастырылды. Семинарға қатысушылар ұйымдастырушылар мен тірек мектебінің басшылығы мен мұғалімдеріне ризашылығын білдіріп, көптеген алғыс сөздерін арнады.
Семинар соңында, дөңгелек үстел барысында ШҚО қала және аудан мектептерінің облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеппен болашақтағы бірлескен жұмысы нақтыланды.