Математика және физика саласы бойынша дарынды балаларды айқындау мақсатымен дарынды балаларға арналған О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп интернаты мен ұлттық тестілеу орталығы жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сынып оқушылары арасында 2011 жылы 24 сәуірде V республикалық «ФизМат» конкурсын өткізеді.
Конкурс ерікті түрде, тегін. Мамандандырылған физика-математикалық мектептермен математика және физика пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептерден әр параллел сыныптардан 8 оқушыға дейін, жалпы білім беретін мектептердің әр параллел сыныптарынан 5 оқушыға дейін қатыса алады. Конкурс тапсырмалары 50 есептен: 20 - математикадан, 15 – физикадан, 15 – стандартты емес үлгіде беріледі.
Қатысуға тапсырыстар төмендегі формалар бойынша (EXCEL форматында) ағымдағы жылдың 14 сәуіріне дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының 8/7232/ 75-77-59 телефон-факсінде қабылданады.
1 форма
V Республикалық «ФизМат» конкурсына _________қала(аудан) _______ (толық атауы) мектебінен қатысуға тапсырыс
|
№ |
Оқушының аты-жөні |
Сыныбы |
Сыныптар бойынша оқушылар саны |
|||
|
|
|
|
8 (қаз) |
8 (орыс) |
9(қаз) |
9 (орыс) |
Мектеп директоры А.Ж.Т.
2 форма
IV Республикалық «ФизМат» конкурсына _________қалалық(аудандық) білім бөлімінен қатысуға тапсырыс
|
№ |
Қала/аудан |
Мектеп |
Тестілеу орталығының № |
Сыныптар бойынша оқушылар саны |
|||
|
|
|
|
|
8 (қаз) |
8(орыс) |
9(қаз) |
9(орыс) |
Білім бөлімінің бастығы А.Ж.Т.