Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2016 жылдың 5-6 қаңтарында Өскемен қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың шығармашылық зейінін дамыту, теориялық білімін тереңдетіп және практикалық біліктілігін артыру, дарынды балаларды айқындау үшін қажетті жағдайлар жасау, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысуға іріктеу және дайындау.
Олимпиадаға облыстың барлық аудандары мен қалаларынан, облыстық білім мекемелерінен 664 оқушы қатысты.
Олимпиада жалпы білім беретін 15 пән бойынша екі турда (теориялық және тәжірибелік) Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде (информатика), С. Аманжолов Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде (химия, физика, биология, география) және дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында өткізілді.
Қатысушылардың жұмысын құрамында өңірдің жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдары кірген қазылар алқасы бағалады.
Олимпиаданың 2 турының қорытындысы бойынша 291 оқушы жүлдегер атанды: І дәрежелі дипломдармен - 71, ІІ дәрежелі дипломдармен - 74, ІІІ дәрежелі дипломдармен - 146 оқушы марапатталды.
Олимпиадада жоғары ұпай алған жүлдегерлер Көкшетау қаласында (жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша), Петропавл қаласында (қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша) өтетін республикалық кезеңге қатысады.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер саны бойынша үздік олимпиада командалары анықталды. «Үздік олимпиадалық команда -2016 ж.» номинациясында І дәрежелі дипломмен және жеңімпаз кубогымен Семей қаласының қазақ-түрік-лицейінің командасы марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломдармен:
1) Өскемен қаласының қазақ-түрік лицейінің командасы;
2) Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің командасы.
ІІІ дәрежелі дипломдармен:
1) Семей қаласының құрама командасы;
2) Күршім ауданының құрама командасы;
3) Өскемен қаласының құрама командасы марапатталды.
«Үздік ауыл мектебі - 2016» номинациясымен Аягөз ауданың мектеп-лицейі марапатталды.
Олимпиаданың жабылу салтанатында ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары А. О. Султанова, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің оқу және әдістемелік істер жөніндегі проекторының міндетін атқарушы М. Қылышқанов, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің Өскемен қаласындағы филиалының директорыА.К.Алипова, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының директоры Ж.Ж. Айтпаева қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.
Жүлдегерлерді марапаттау сәтіне өткен жылдардағы республикалық, халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері, қазіргі уақытта Республиканың, шетелдің жетекші жоғарғы оқу орындарының студенттері - мектеп түлектері қатысты.
Олимпиаданың салтанатты жабылуы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің техникалық қолдауымен өтті.