«Әріптес» үкіметтік емес ұйымдардың Алматылық Конфедерациясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы мен ЮНЕСКО орталығы Ұлы Жеңістің 71 жылдығы мен Ұлы Отан соғысы басталуының 75 жылдығына орай жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында VIIРеспубликалық шығарма байқауын өткізетіні жайлы хабарлаймыз.
Байқаудың мақсаты: балалар мен жасөспірімдер бойында қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқау 2015 жылдың 15 желтоқсанынан 2016 жылдың 10 наурызы аралығында өтеді.
Шығармалар электронды түрде vk_daryn@mail.ru электронды мекенжайында 2016 жылдың 26 ақпанына дейін қабылданады.
Факс арқылы жіберілген, сондай-ақ белгіленген уақыттан кеш келген жұмыстар байқауға қатыстырылмайды. Байқау туралы Ереже қосымша берілген.