Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылдың 11-18 желтоқсаны аралығында Шүлбі кентінде «Қазақстанның күші бірлікте» атты ұлттық мәдени фестивалін өткізді.
Фестивальдің мақсаты өскелең ұрпақты интернационалдыққа және ынтымақтылыққа, елімізде тұрып жатқан әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрін, мәдениетін құрметтеугетәрбиелеу болып табылады.
Фестивальге облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 5-10 сынып оқушылары қатысты.
Фестиваль 2 кезеңде өткізілді:
1 кезең: «Команданы таныстыру» мен«Үй тапсырмасы» (әр команда ҚР тұратын халық, ұлт өкілдерінің бірімен таныстырып, қысқаша ерекшелігі туралы баяндады).
2 кезең: «Не? Қайда? Қашан?» викторинасы (ҚР аумағында тұратын халықтардың тарихы мен дәстүрлеріне, Қазақстан тарихына, Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысты сұрақтар).
Қатысушылардың өнерлері төмендегі критерийлер бойынша бағаланды: шараның тақырыбына сай келуі, идеяның бірегейлігі, тапсырманың толыққандылығы (ақпараттық және тарихи мәліметтердің болуы) және материалдың ұсынылу сапасы.
Фестиваль қорытындысы бойынша 10 команда жүлдегер атанды, олардың ішінде І орын – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 7.
І командалық орын алғаны үшін грамотасымен:
– Бородулиха ауданының командасы.
ІІ командалық орын алғаны үшін грамотасымен:
–Жарма ауданының командасы;
–Тарбағатай ауданының командасы.
ІІІ командалық орын алғаны үшін грамотасымен:
–Глубокое ауданының командасы;
–Абайауданының командасы;
– Күршімауданының командасы;
– Ұланауданының командасы;
– Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің командасы;
–Риддерқаласының командасы;
– Шемонаиха ауданының командасы.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Фестиваль аясында қатысушыларға мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылды: «Біз бәріміз тату жанұямыз» танысу ойын бағдарламасы, «Лезгинка», «Калинка-малинка», «Қара жорға», «Фейруз» халық билерінен шеберлік сыныптар, қазақ, орыс, өзбек, украин және грузин халық ойындары, интеллектуалды-танымдық байқаулары мен «Халықтық салт-дәстүрлер» викториналары.
Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!