+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстан тәуелсіздігіне жас ақындар арнауы
15 Жел, 12:02

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық авторлық өлеңдер байқауын өткізді.

Байқаудың басты мақсаты: өскелең ұрпақты патриотизмге және Қазақстанның дәстүрі мен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар мен өмірлік адамгершілік-эстетикалық қағидаларын қалыптастыру.

Байқау жас ерекшеліктеріне қарай 5-7, 8-10 сынып оқушылары арасында өткізілді.

Оқушылардың байқау жұмыстары өзінің көркемдігімен, терең мазмұндылығымен және тақырыптың жан-жақты ашылуымен ерекшеленді. Байқауға қатысушылар өз өлеңдерінде Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығын, Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерін, туған жеріне және Отанына деген ыстық махаббаттарын шынайы сезіммен әсерлі етіп жеткізе білді.

Байқаудың қорытындысы бойынша 25 жеңімпаз анықталды. 5 жүлдегер І орын, 7 – ІІ орын, 13 – ІІІ орын грамоталарымен марапатталды.

1 орын алғаны үшін грамотасымен марапатталғандар:

1. Әліпбек Дарын – Өскемен қаласы, ДБА Жамбыл ат. ОММГИ 7 сынып оқушысы;

2. Канабеев Владимир – Семей қаласы, ДБА Ш. Уәлиханов ат. «Жас ұлан» АЕМЛИ 7 сынып оқушысы;

3. Дәулетхан Тайыпжан – Өскемен қаласы, ДБА Жамбыл ат. ОММГИ 10 сынып оқушысы;

4. Абраимов Қанат – Семей қаласы, ДБА Ш. Уәлиханов ат. «Жас ұлан» АЕМЛИ 8 сынып оқушысы;

5. Максименко Валерия – Өскемен қаласы, ДБА «Восток» ҒЗДОАОМК 8 сынып оқушысы.

2 орын алғаны үшін грамотасымен марапатталғандар:

1. Зайтзаменова Гүлім – Семей қаласы, Жарқын ОМ 6 сынып оқушысы;

2. Бекенұлы Мұрат – Семей қаласы, ДБА Ш. Уәлиханов ат. «Жас ұлан» АЕМЛИ 7 сынып оқушысы;

3. Зайцева Екатерина – Глубокое ауданы, Ы. Алтынсарин ат. ОМ 10 сынып оқушысы;

4. Төлеубаев Темірлан –Семей қаласы, ДБА Ш. Уәлиханов ат. «Жас ұлан» АЕМЛИ 9 сынып оқушысы;

5. Саметова Хамида – Абай ауданы, Қарауыл МГ 10 сынып оқушысы;

6. Мұратханов Шынғыс – Семей қаласы, ДБА Шәкәрім ат. ОҮТОММ 8 сынып оқушысы;

7. Кенжеканов Ерқанат – Семей қаласы, ДБА Ш. Уәлиханов ат. «Жас ұлан» АЕМЛИ 10 сынып оқушысы.

3 орын алғаны үшін грамотасымен марапатталғандар:

1. Хлебников Олег – Глубокое ауданы, №1 Белоусовка ОМ 6 сынып оқушысы;

2. Каримқожа Бекзат – Абай ауданы, Абай ат. МЛ 6 сынып оқушысы;

3. Асылқанов Қанат – Күршім ауданы, Жолнұсқау ОМ 7 сынып оқушысы;

4. Қалым Ұлағат – Күршім ауданы, Қ. Нұрғалиев ат. МГ 6 сынып оқушысы;

5. Мақбоз Қалымжан – Өскемен қаласы, ДБА Жамбыл ат. ОММГИ 8 сынып оқушысы;

6. Әбузар Ерсұлтан – Семей қаласы, ДБА Шәкәрім ат. ОҮТОММ 9 сынып оқушысы;

7. Советханов Нұрболат – Өскемен қаласы, ДБА Жамбыл ат. ОММГИ 10 сынып оқушысы;

8. Попова Дарья – Өскемен қаласы, ДБА «Восток» ҒЗДОАОМК 9 сынып оқушысы;

9. Нұрмұханбетов Аңсаған – Өскемен қаласы, ДБА ШҚО МҚТЛ 8 сынып оқушысы;

10. Болатбекова Аяулым – Семей қаласы, ДБА Шәкәрім ат. ОҮТОММ 9 сынып оқушысы;

11. Кабдешова Асель – Өскемен қаласы, ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы;

12. Талапбек Мария – Күршім ауданы, Қ. Нұрғалиев ат. МГ 10 сынып оқушысы;

13. Бағдат Ерсұлтан – Семей қаласы, ДБА Ш. Уәлиханов ат. «Жас ұлан» АЕМЛИ 10 сынып оқушысы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!