+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстанның зияткер мақтанышы – Шығыс - Қазақстан облысының оқушысы
11 Жел, 06:03

   2015 жылдың 2-9 желтоқсаны аралығында Тэгу (Корея) қаласында физика пәнінен ХІІ халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Әлемнің әр елінен жасөспірімдер командасы қатысатын халықаралық жарысқа Қазақстан Республикасының оқушыларының құрама  командасы да қатысты.

   Жарысқа қатысуды ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы.

  Қазақстан Республикасының Ұлттық командасының құрамында Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Увалиев Әділет Қазақстанның намысын қорғады.

      Халықаралық олимпиада 3 турда (тестік, теориялық және тәжірибелік) өтті. Үш турдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының командасы екі қола медальді жеңіп алды, оның біреуін Увалиев Әділет иеленіп қайтты.

  Әділет физика пәні бойынша Орал қаласында өткен республикалық олимпиаданың жеңімпазы және Якутия қаласында өткен халықаралық «Туймаада» олимпиадасының жүлдегері.

  Әділетті және оның ата-анасын, ұстаздарын  беделді олимпиададағы жетістігімен құттықтаймыз. Білімі мен біліктілігін шыңдай түсіп, тағы да жоғары жетістіктер мен биіктен көрініп, Қазақсанның мақтанышы болуына тілектеспіз.