Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының және "Зияткер - 2050" жеке фондының қолдауымен Будапешт қаласында (Венгрия Республикасы) өткен математикадан мәдени-танымдық ауысымға қатысты.
Мәдени-танымдық ауысымның негізгі мақсаты математика ғылымдарына қызығушылық танытқан интеллектуалды шығармашыл дарынды балаларды іздеу, іріктеу және қолдау.
Мәдени-танымдық ауысымның бағдарламасына:
- "Шексіз математика" рейтингтік олимпиадасы;
- әлемдік аты бар халықаралық математикалық олимпиаданың үшдүркін жеңімпазы, IMO халықаралық комитетінің бұрынғы президенті Йозеф Пеликанмен кездесу;
- математикалық мұражай-зертханасымен танысу және эсперименттік сабақтардың өткізілуі;
- "BME" университеті базасында «Эксперименттік физика» шеберлік-сабағының өткізілуі кірді.
Мәдени-танымдық ауысымның қорытындысы бойынша ШҚО қатысушылары математикадан жоғары нәтиже көрсетіп жүлделі орындар иеленді:
ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен:
- Өскемен қаласы Қазақстан-Ресей гимназиясының 10 сыныпоқушысы Хосчанова Диана.
ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен:
- Өскемен қаласы №24 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Рақанова Мария;
- Өскемен қаласының Қазақстан-Ресей гимназиясының 8 сынып оқушысы Тимур Хосчанов марапатталды. Тимур - барлық қатысушылар арасында өзінің бірегейлілігімен ерекшеленгенең жас қатысушы болып табылады.
Ауысымның қатысушыларына мәдени-танымдық бағдарлама: Венгрияның көрікті жерлеріне және Австрия астанасы – Вена қаласына біркүндік экскурсия, Будапешт қаласына, батырлар алаңына, корольдік қорғанға, балықшылар қамалына, «Миленариш» сая-бағына экскурсия, Будапешт қаласының "ELTE" университетіне, Венгрия Парламентіне бару, Будапешт қаласының "BME" экономика және техника университетіне бару, Kun Lazlo ескерткішіне гүл шоқтарын қою ұйымдастырылды.
Қазақстан-Ресей гимназиясының оқушысы Хосчанов Тимур мәдени-танымдық ауысымның ұйымдастырушыларына өзінің жылы лебізін білдірді:
«Біз осы күндерді көпке дейін есте сақтаймыз!!! Осындай әсер ешқашан алған емеспін: біз Венгрияның барлық көрікті жерлеріне бардық. Ең бастысы біз Қазақстан мен Венгрияның түрлі қалаларынан келген жаңа достармен таныстық. Мен өзімізді мақтан тұтамын! Мақтан тұтар себебім, осындай шараға қатысып, ата-анамыздың үмітін ақтағанымызда. Бұл өте керемет болды! Берілген тапсырмалар әрі күрделі, әрі қызықты болды, олардың шешімін тапқымыз келді. Біз керемет демалдық және жаңа жеңістер мен білімдегі жетістіктерімізге шабыт алдық. Барлық ұйымдастырушылар мен жетекшілерге осындай қызықты уақыт өткізгенімізге алғысымды білдіремін! Адамдардың өз қызметіне жанын беріп қызмет етуі бірден көрінеді. Бұндай сапардың тағы да қайталанғанын қалаймын!!»
Балаларды абыройлы жеңісімен құттықтаймыз!