+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республикалық педагогикалық олимпиада өткізу туралы
12 Сәу, 06:59

2011 жылдың 5-6 мамырында республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Алматы қаласында «Алатау» санаториінде «Талантты мұғалім-дарынды оқушыларға» атты республикалық педагогикалық олимпиада өткізетінін сіздердің назарларыңызға жеткіземіз. cut

Олимпиаданың мақсаты - педагогикалық мамандықты таңдайтын жас таланттарды айқындау, педагогикалық мамандықты және кәсіптік педагогикалық білімнің маңыздылығын жоғарылату.

Олимпиадаға: педагогикалық мамандық бойынша жоғары оқу орындарына оқуды жалғастыратын жоғары сынып оқушылары қатысады. Оқушылар конкурстық тапсырмаларды орындау кезінде педагогикалық мамандықты таңдауға дайындықтарын, жеке тұлға ретіндегі педагогикалық бағыттарын, педагогикалық эрудицияларын, интеллектуалдық және жалпымәдени даму деңгейін көрсетеді; жас мұғалімдер (еңбек өтілі 3-жылға дейінгі). Мұғалімдер нақты білім беру процесі жағдайында кәсіптік педагогикалық шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін өзіндік жүзеге асыру және кәсіптік педагогикалық іскерліктерінің саласында мұғалімнің жеке өзін-өзі анықтауы; психологтар (еңбек өтілі 3-жылға дейінгі); вожатыйлар (еңбек өтілі 3-жылға дейінгі);

Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі. 

Олимпиадаға қатысушылардың келу күні - 4 мамыр. Тіркелуі - 4 мамыр күні, сағат 9.00-де. Олимпиаданың ашылуы - 6 мамыр күні, сағат 15.00-де, жабылуы  - 5 мамыр күні сағат 10.00-де.

«Алатау» санаториіндегі бір қатысушының бір күніндегі тамақтануы (үшуақтылы)  мен жатар орны - 8 000 (сегіз мың) теңге.

Қатысушылардың іссапар шығындары жіберуші жақ білім мекемелерінің есебінен өндіріледі.

Олимпиадаға қатысуға тапсырысты 18 сәуірге дейін төмендегідей үлгіде ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8 (7132) 757719, 758459 теле-факсіне жіберулеріңіз керек:

 

 

Қатысушының аты, тегі, әкесінің аты (оқушы, пәндік мұғалім, психолог, вожатый )

Мектеп-сынып Байланыс телефоны,

е-mail

Баланың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігіне жауапты жетекшінің аты, тегі, әкесінің аты

Байланыс телефоны,

е-mail

«Алатау» санаториінде тұруы мен тамақтануының қажеттілігі