+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Қазақстанның күші бірлікте» атты облыстық ұлттық мәдени фестивалін өткізу ЕРЕЖЕСІ
30 Қар, 08:16

I. Жалпы ереже

Аталған ереже облыстық «Қазақстанның күші бірлікте» атты ұлттық мәдени фестивалінің ұйымдастыру және өткізу тәртібін, қорытындысын шығаруды белгілейді (ары қарай – Фестиваль).

Облыстық фестивальдің ұйымдастырушысы: Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы (ары қарай - ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы).

Фестивальдің мақсаты:

-.өскелең ұрпақты интернационалдыққа және ынтымақтылыққа, елімізде тұрып жатқан әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

- рухани бірлік идеясын тарату;

- Қазақстан Республикасында тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің тарихы мен дәстүрін құрметтей отырып, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу.

II. Фестивальді ұйымдастыру комитеті

Фестивальді ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (ары қарай - Ұйымдастыру комитеті).

Ұйымдастыру комитеті:

- фестивальдің дайындығы мен өткізілуіне байланысты сұрақтар бойынша шешім қабылдап, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

- ұйымдастыру сұрақтарын шешеді;

- фестивальға қатысуға өтініштер қабылдайды;

- фестивальдің өткізілу түрін анықтайды;

- бағалау өлшемдерін анықтайды;

-.фестивальға талдау жасап, қорытындылайды, жеңімпаздарды марапаттайды.

ІІІ. Фестивальға қатысушылар

Фестиваль жалпы білім беретін мектептер мен облыстық мамандандырылған мектептердің 5-10 сынып оқушылары арасында өткізіледі.

Фестивальға әр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден әр ұлт өкілдерінен құралған 3 оқушысы бар команда қатыса алады.

IV. Фестивальді ұйымдастыру мен өткізу шарттары

Фестивальға қатысу үшін командаларға Қазақстан Республикасы аумағында тұрып жатқан халық, ұлт өкілдерінің бірін таңдаулары қажет.

Әр команда фестиваль тапсырмаларын орындайды:

1) «Команданы таныстыру» (команда атауы мен ұраны);

2) «Үй тапсырмасы» (әр команда ҚР тұратын халық, ұлт өкілдерінің бірімен таныстырады, қысқаша ерекшелігі туралы баяндайды. Сол халықтың әндерін, салт-дәстүрін, киімін, ұлттық тағамын және т.б. ұсынады. Көрсету түрі ерікті).

3) «Не? Қайда? Қашан?» викторинасы (ҚР аумағында тұратын халықтардың тарихы мен дәстүрлеріне, Қазақстан тарихына, Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысты сұрақтар).

2015 жылдың 7 желтоқсанына дейін Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79 (ШҚ ӨҒПО «Дарын») тел/факс 8/7232/552012 немесе vk_daryn@ mail.ru электронды мекен-жайына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары немесе облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолы қойылған келесі үлгідегі өтінімді жіберу қажет:

Қатысушының

аты-жөні

 

Аудан,

қала

Мектеп,

сынып

Оқу тілі

 

Ұлты

Жетекшінің

аты-жөні, байланыс

телефоны

V. Фестивальға қатысушыларды бағалау талаптары

- шараның тақырыбына сай келуі;

- идеяның бірегейлігі;

- тапсырманың толыққандылығы (ақпараттық және тарихи мәліметтердің болуы);

- материалдың ұсынылу сапасы.

VI. Қорытындылау. Марапаттау.

Фестивальдің қорытындысы а.ж. 18 желтоқсанында шығарылып, www.shygysdaryny.kz сайтында жарияланады.

Фестивальдің қорытындысы бойынша жүлделі орындар беріледі.

Жеңімпаздар грамоталармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.

VII.Фестивальді қаржыландыру

Фестивальді қаржыландыру құрастырылған және бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.