+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Қазақстанның күші бірлікте» атты облыстық ұлттық мәдени фестивалін өткізу туралы
30 Қар, 08:05

Шығыс Қазақтан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылдың 11 мен 18 желтоқсаны күндері Шүлбі кентінде «Қазақстанның күші бірлікте» атты облыстық ұлттық мәдени фестивалі өтетіні жайлы хабарлайды.

Фестивальдің мақсаты-.өскелең ұрпақты интернационалдыққа және ынтымақтылыққа, елімізде тұрып жатқан әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Фестиваль жалпы білім беретін мектептер мен облыстық мамандандырылған мектептердің 5-10 сынып оқушылары арасында өтеді.

Әр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден фестивальға әр ұлт өкілдерінен құралған 3 оқушысы бар команда қатыса алады.

2015 жылдың 7 желтоқсанына дейін Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79 (ШҚ ӨҒПО «Дарын») тел/факс 8/7232/552012 немесе vk_daryn@ mail.ru электронды мекен-жайына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары немесе облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолы қойылған келесі үлгідегі өтінімді жіберу қажет:

Қатысушының

аты-жөні

 

Аудан,

қала

Мектеп,

сынып

Оқу тілі

 

Ұлты

Жетекшінің

аты-жөні, байланыс

телефоны

Қатысушылардың Шүлбі кентіне келуі 11 желтоқсан сағат 12.00 дейін, қайтуы 18 желтоқсан күні сағат 09.00-ден кейін..

Аудандардан (қалалардан), мамандандырылған мектептерден келетін қатысушылардың тамақтануы мен тұруы ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығынан. Жетекшілердің іссапар шығындары жіберуші білім мекемелерінің есебінен.

Қатысушылардың барлығы өздерімен міндетті түрде:

1. жеке бас куәлігі, туу туралы куәлігінің көшірмесін;

2. медициналық мекемеден арнайы анықтама (қосымша орыс нұсқада);

3. күнделікті және салтанатты киім;

4..концерттік нөмірлерге - костюмдер, фонограмма, музыкалық аспаптарын алып келулері қажет.