+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХІХ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
Елбасы мұраты – ел бақыты
30 Қар, 03:45

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Елбасымен бірге жарқын болашаққа!» атты облыстық жас журналистер байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – оқушылар бойына қазақстандық патриотизмді, отансүйгіштікті, ұлтаралық келісімді қалыптастыру және өз елі үшін мақтаныш сезімін ояту.

Байқауға облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары қатысты.

Жұмыстар эссе мен бейнесюжеттен тұрды. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары өзінің көркемдігімен, терең мазмұнымен және тақырыптың жан-жақты ашылуымен ерекшеленді. Онда Ұлт Көшбасшысының тәуелсіздік жылдардағы табыстары мен жетістіктері, Қазақстанда демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғам құрудағы рөлі бейнеленген.

Байқау қорытындысы бойынша 21 жүлдегер атанды: І орын - 4 , ІІ орын -7, ІІІ орын -10.

1 орын алғаны үшін грамотасымен марапатталғандар:

1. Смағұлов Ерзат – Өскемен қаласы, МҚТЛ 10 сынып оқушысы;

2. Гарапов Арман – Өскемен қаласы, МҚТЛ 10 сынып оқушысы;

3. Отарбай Бекжан – Семей қаласы, №8 ОМ 10 сынып оқушысы;

4. Кожакимова Малика – Семей қаласы, №22 ОМ 8 сынып оқушысы.

2 орын грамотасымен марапатталғандар:

1. Думанқызы Нұржан – Зайсан аудан, Қаратал ОМ 11 сынып оқушысы;

2. Бақыт Аңсар – Семей қаласы, №42 ОМ 8 сынып оқушысы;

3. Хапова Наталья – Зырян ауданы, М.В. Инюшина ат. ОМ 9 сынып оқушысы;

4. Даулетхан Тайыпжан – Өскемен қаласы, ДБА Жамбыл ат. ОММГИ 10 сынып оқушысы;

5. Қуанышбек Алтынай – Ұлан ауданы, Р. Мәрсеков ат. 8 сынып оқушысы;

6. Жеңісбек Береке – Ұлан ауданы, М. Ломоносов ат. ОМ 9 сынып оқушысы;

7. Ақшолақова Арай – Семей қаласы, №11 ОМ 11 сынып оқушысы.

3 орын грамотасымен марапатталғандар:

1. Акантаева Гүлдана – Абай ауданы, Абай ат. МЛ 10 сынып оқушысы;

2. Светлакова Наталья – Риддер қаласы, №3Д. Қонаев ат. ОМ 11 сынып оқушысы;

3. Кәмілжан Темірлан – Семей қаласы, №42 ОМ 9 сынып оқушысы;

4. Кабдуахитова Маржан – Риддер қаласы, №5 ОМ 8 сынып оқушысы;

5. Советова Айжан – Зырян ауданы, №9 ОМ 8 сынып оқушысы;

6. Өмірханова Алтынай – Өскемен қаласы, №3 МГ 11 сынып оқушысы;

7. Мишуровская Екатерина – Зырян ауданы, №7 ОМ 10 сынып оқушысы;

8. Мотан Медет - Зайсан ауданы, Абай ат. ОМ 10 сынып оқушысы;

9. Высочкина Екатерина - Семей қаласы №15 ОМ 8 сынып оқушысы;

10. Шайкенова Дана - Семей қаласы №39 ОМ 10 сынып оқушысы.

Барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға грамоталар мен сыйлықтар табыс етіледі.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!