+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Ұлт Көшбасшысы туралы үздік шығармалар
27 Қар, 06:42

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Тұңғыш Қазақстан Президенті күніне орай «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты  облыстық шығарма конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушыларды отансүйгіштікке, азаматшылдыққа тәрбиелеу болып табылады.

Конкурсқа облысымыздың 8-11 сынып оқушыларынан 53 оқушы қатысты. Конкурс төмендегі критерийлер бойынша бағаланды: көзқарасының ерекшелігі, қарастырылған мәселенің ашылуы, сонымен қатар  қазіргі уақытта оның маңыздылығының айқындалуы, дәлелдемелерінің болуы, өзіндігі,  даралық қасиетін көрсетуі.

Конкурстың қорытындысы бойынша 19 оқушы жүлдегер атанды.

І орын алғаны үшін грамотамен марапатталғандар:

1. Насырова Еркежан, Өскемен қаласы ДБА ОММЛИ 10 сынып оқушысы;

2. Шаяхметова Әлия, Аягөз ауданы, СергиопольОМ 9 сынып оқушысы;

3. Дедкова Диана, Риддер қаласы №12 ОМ 7 сынып оқушысы.

ІI орын алғаны үшін грамотамен марапатталғандар:

1. Сулейменов Адильбек, Глубокое ауданы, Веселовка ОМ 10 сынып оқушысы;

2. Талап Бұлбұлхан, Катонқарағай ауданы, Юбилейное ОМ 10 сынып оқушысы;

3. Краузе Виктория, Семей қ. №11 ОМ 6 сынып оқушысы;

4. Дәуренқызы Алтынай, Зайсан ауданы Шілікті ОМ 9 сынып оқушысы;

5. Кенжебекова Айдана, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе ОМ 9 сынып оқушысы;

6. Әди Ұлпан, Өскемен қаласы ДБА ОММЛИ 9 сынып оқушысы;

7. Ахманова Дильназ, Жарма ауданы, Қажыгелді ОМ 8 сынып оқушысы.

ІІІ орын алғаны үшін грамотамен марапатталғандар:

1. Садуақас Сымбат, Аягөз ауданы Меңаяқұлы ОМ 8 сынып оқушысы;

2. Лашина Алена, Өскемен қ. №7 ОМ 8 сынып оқушысы;

3. Жарқынбек Мерей, Қатонқарағай ауданы, Юбилейное ОМ 10 сынып оқушысы;

4. Манигарапова Даяна, Көкпекті ауданы, Раздольное ОМ 8 сынып оқушысы;

5. Ахынов Асқар, Семей қ. ҚТЛ 9 сынып оқушысы;

6. Левитанус Любовь, ДБА ОММФИМ 8 сынып оқушысы;

7. Карибаева Ақерке, Жарма ауданы, Т.Көбдіков ат. ОМ 10 сынып оқушысы;

8. Қуатова Әдемі, Зайсан ауданы Орманбетов ат. НМ 9 сынып оқушысы;

9. Құмарханова Наргиз, Ұлан ауданы Р. Мәрсеков ат. ОМ 7 сынып оқушысы.

Конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттар,  жеңімпаздарға грамоталар мен сыйлықтар табыс етіледі.

          Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!