Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп - қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтан да сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермей, олардың алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.
2015 жылы 12 қарашада «Жемқорлығы жоқ ел-гүлденген ел» атты қашықтықтан республикалық олимпиада өтті.
Олимпиада ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық ғылыми практикалық «Дарын» орталығы және «Нұр Отан» партиясы.
Олимпиада 11-сынып оқушылары арасында «Адам. Қоғам. Құқық», «Жалпы тарих», «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша өткізілді.
Олимпиада мақсаты дарынды балаларды, мектеп оқушыларын қоғамдық-гуманитарлық ғылым саласында қолдай отырып жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, моральдік этикамен жалпы жемқорлық туралы білім, білік, дағдыларын арттыру.
Ағымдағы жылдың 25 қарашасы күні Шығыс Қазақстан «Халықтық Демократиялық «Нұр Отан» партиясы филиалында қашықтықтан өткізілген республикалық олимпиада жүлдегері Шемонаиха ауданының №1 Островский орта мектебінің 11-сынып оқушысы Сторожилова Анжелика салтанатты түрде ІІІ дәрежелі дипломмен, қатысушы сертификатымен және естелік сыйлықпен марапатталды.
Республикалық олимпиадаға дайындалу барысында, Анжелика Қазақстан Республикасының заң және құқық құжаттарымен бірге түрлі қосымша материалдар пайдаланды. Анжеликаның пікірінше, жемқорлыққа қарсы күрес мақсатындағы осы тектес олимпиадалар жастар үшін өте маңызды. Өйткені жастар қазіргі өзекті болып отырған қылмыс, жемқорлық мәселелерімен танысады.
Анжеликаны жетістігімен құттықтап, болашағына табыс, сәттілік тілейміз!