1. Жалпы Ереже
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) жыл сайын Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы (бұдан әрі - «Дарын» ШҚ ӨҒПО) өткізеді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері: Шығыс Қазақстан облысының дарынды балаларын анықтап, дамытуға қажетті жағдайлар жасау, олардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту, Республикалық және халықаралық олимпиадаларға оқушыларды қатыстыруға іріктеп, дайындау.
2. Олимпиаданың жұмысшы органдары
Олимпиадаға дайындық жүргізіп, өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру, жүзеге асыру үшін білім басқармасы бұйрығының негізінде облыстық ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитеті:
- барлық кезеңде Олимпиаданың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;
- Олимпиадаға тікелей басшылық жасайды;
- барлық пән бойынша қазылар алқасы мүшелерінің құрамы мен санын; қоғамдық бақылау және үйлестіру кеңесінің құрамын белгілейді;
- Олимпиаданың нәтижесін талдап, қорытындылайды;
- ІІІ кезең қорытындысы бойынша есепті және жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға облыс оқушыларын қатыстыруға өтінім береді;
- Олимпиада материалдарын жариялайды.
Облыстық олимпиаданың пәндер бойынша қазылар алқасы төрағадан, хатшыдан, мүшелерден тұрады.
Қазылар алқасының құрамына ЖОО оқытушылары, аспиранттары, әдіскерлер, тәжірибелі педагогтар кіреді.
Қазылар алқасы құрамына оқушылары Олимпиадаға қатысып отырған ЖОО оқытушылары мен мұғалімдер кіруге болмайды.
Олимпиаданың қазылар алқасы:
- олимпиада тапсырмаларын тексереді, теориялық және практикалық айналымдардың объективтілігі мен тексерілу сапасына жауап береді;
- оқушылардың жұмыстарындағы даулы жағдайларды талдайды, қажет болған жағдайда тиісті түзерулер енгізеді;
- Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды;
- әр айналымның қорытындысы бойынша қатысушылармен бірге олимпиада тапсырмаларын талдайды;
- Олимпиада қорытындысы бойынша ұйымдастыру комитетіне есеп береді.
3. Олимпиаданы ұйымдастыру
Олимпиада орта және жалпы орта білім беру бағдарламасы бойынша оқу жылының бойында бірнеше кезеңде әр пән, әр сынып бойынша өткізіледі:
1) бірінші кезең – мектепішілік, аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің дайындаған тапсырмалары бойынша қазан-қараша айларында білім мекемелері өткізеді;
2) екінші кезең – аудандық (қалалық), "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы берген тапсырмалар бойынша аудандық/қалалық білім беру бөлімдерімен 10-11 желтоқсан айында өткізіледі;
3) үшінші кезең – облыстық, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы берген тапсырмалар бойынша облыстық білім басқармасымен 2016 жылы 5-6 қаңтар айында өткізіледі;
4) төртінші кезең – республикалық, наурыз айында өткізіледі.
Олимпиаданың II, III и IVкезеңдерінің өту мерзімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша белгіленеді.
Олимпиада жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер («Математика», «Физика»,«Химия»,«Биология»,«География», «Информатика» пәндері) және қоғамдық - гуманитарлык бағыттағы («Қазақстан тарихы», «Құқықтану», «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі», «Қазақ тілі және әдебиеті»,«Қазақ мектептеріндегі орыс тілі», «Орыс тілі және әдебиеті», «Ағылшын тілі», «Француз тілі», «Неміс тілі») пәндері бойынша өткізіледі.
Олимпиаданың ІІІ кезеңіне қатысу үшін аудандық/қалалық білім беру бөлімдері, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептер облыстық ұйымдастыру комитетіне (қағаз және электронды нұсқада) олимпиаданың ІІ кезеңінің өтуі туралы есеп пен өтінімді тапсырады.
Жұмыстарды бағалауда неғұрлым объективтілікті қамтамасыз ету үшін әр кезеңнен кейін Олимпиадаға қатысушылармен бірге тапсырмаларды талқылау болады. Тапсырмаларды талдағаннан кейін, қатысушылардың тілегі бойынша жұмысқа үйлестіру жүргізіледі. Үйлестірудің мақсаты - қатысушылар мен қазылар алқасының арасында жұмысты бағалауда толық түсінушілік орнату.
Үйлестіру қарастырылып отырған тапсырмаларды тексерген қазылар алқасының төрағасы және алқа мүшелерімен, Олимпиадаға қатысушымен жеке өткізіледі. Қатысушы қазылар алқасының бағасымен келіспеген жағдайда үйлестіруге берілген уақыт ішінде ұйымдастыру комитетінің төрағасына өтініш береді. Төраға мәселені шешу үшін мамандардан комиссия құрады.
Үшінші кезең жұмыстарына үйлестіру Олимпиаданың қорытындысы жарияланғаннан кейін бір сағат ішінде, республикалық кезеңде - Олимпиада қорытындысын жариялағаннан кейін 3 сағат ішінде өткізіледі.
4. Олимпиадаға қатысушылар
Олимпиаданың бірінші кезеңіне мектептің қалауына орай тілек білдірген 1-11 сынып оқушылары қатыса алады. Мектепішілік олимпиаданың пәндер тізімі осы Ережемен шектелмейді.
Олимпиаданың екінші кезеңіне 8-11 сынып оқушылары қатысады. ІІ кезеңге қатысушы оқушылар мен командалар саны аудандық/қалалық олимпиадалардың Ережелеріне сәйкес белгіленеді.
Олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңіне жаратылыстану-математика бағыты пәндері бойынша 9-11 сынып оқушылары, қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша 10-11 сынып оқушылары - екінші кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әр пән бойынша 2 үздік оқушы қатысады.
8-сынып оқушыларына жеткілікті деңгейде білімі болған жағдайда жоғарғы сынып бағдарламасымен олимпиадаға қатысуға болады.
Облыстық олимпиадаға аудандардан, қалалардан, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден оқушылар командасы қатысады.
Аудан, қала оқушыларының командасына жетекші ретінде тәжірибелі мектеп педагогтары, білім беру бөлімдерінің мамандары тағайындалады. Команда жетекшісіне олимпиадаға қатысушылардың олимпиада өтетін орынға дейін және қайтар жолдағы, олимпиада барысындағы қауіпсіздігі мен денсаулығына толық жауапкершілік жүктеледі.
"Орыс мектептеріндегі қазақ тілі" пәні бойынша қазақ ұлтының оқушылары Олимпиадаға қатыса алмайды.
5. Олимпиаданы қаржыландыру
Олимпиаданың І, ІІ кезеңдерін қаржыландыруды тиісті білім беру органдары жүзеге асырады.
Олимпиаданың облыстық кезеңінің шығындарын құрылып, бекітілген сметаға сәйкес ШҚ ӨҒП "Дарын" орталығы өтейді.
6. Олимпиадаға қатысушыларды марапаттау
Мектепішілік, аудандық (қалалық) олимпиада жүлдегерлері Олимпиаданың Ережесіне сәйкес тиісті білім беру органдарының дипломдарымен, грамоталарымен, сыйлықтарымен марапатталады.
Облыстық кезең жүлдегерлерінің саны әр пән бойынша тапсырмалардың 70% орындаған барлық қатысушылар санының 40%-н құрайды.
Егер жүлдегерлер саны қазылар алқасының жеке шешімі бойынша жүлделі орынға сәйкес келетін ұпаймен бірнеше қатысушы бірдей ұпай жинаған болса жүлдегерлер саны артады. Бұл жағдайда қазылар алқасы мүшелерінің ерекше пікірі хаттамада түсіндіріліп жазылады.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің шешіміне сәйкес І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. IV орынға ие болған оқушылар Құрмет грамоталарымен марапатталады. Айрықша ерекшеленген оқушыларға «Олимпиаданың абсолютті жеңімпазы", «Ерекшелігі мен шығармашылығы үшін", «Ең жас қатысушы" номинациялары беріледі.
Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.
"Үздік олимпиада командасы" сертификаты жүлдегерлерінің санына сәйкес аудандар мен қалалар, мамандандырылған мектептер арасында үздік командаларға беріледі.
Оқушыларды дайындауда және олимпиада қозғалысын дамытуда ерекше жетістіктері үшін педагогтар мен оқытушыларға "Олимп шыңына жетелеуші" номинациясында сертификат беріледі.