+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепшілік/қалалық /аудандық кезеңін өткізу бойынша ақпараттық хабар
27 Қар, 06:30

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, республикалық олимпиадаларға оқушыларды іріктеп, дайындау мақсатымен  жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізілетінін (бұдан әрі – олимпиада) хабарлайды.

Олимпиада жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер («Математика», «Физика»,«Химия»,«Биология»,«География», «Информатика» пәндері) және қоғамдық - гуманитарлык  бағыттағы («Қазақстан тарихы», «Құқықтану», «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі», «Қазақ тілі және әдебиеті»,«Қазақ мектептеріндегі орыс тілі», «Орыс тілі және әдебиеті», «Ағылшын тілі», «Француз тілі», «Неміс тілі») пәндері бойынша өткізіледі.

«Орыс мектептеріндегі қазақ тілі»пәнінен қазақтан өзге ұлт өкілдері қатысады. Олимпиаданы өткізу ережесі www.shygysdaryny.kz. сайтында орналасқан.

Осыған орай, қалалық (аудандық) білім беру бөлімдерінің басшылары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорлары:

1)2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін олимпиаданың мектепішілік кезеңін;

2)2015 жылдың 10-11 желтоқсанында..олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңін өткізулері қажет..

Аудандық/қалалық кезеңдерді өткізу туралы ақпарат қосымша беріледі.

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығына олимпиаданың мектепішілік кезеңін өткізу қорытындысы бойынша есептіаудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітіп өткізу қажет.

Олимпиада бойынша есепті бірыңғай формада (1,2,3,4,5 қосымшалар) қағазжәнеэлектронды нұсқада (Exсel бағдарламасында) ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына:Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79 мекенжайына өткізу қажет; тел/факс: 8/7232/552-012,е-mail:vk_daryn@mail.ru.