+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жас әншілер конкурсы
23 Қар, 11:25

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылдың 17-20 қарашасы аралығында Шульбинск кентінде І облыстық "Алтын дауыс" жас вокалистер  конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты шығармашыл балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету, сахнада ән айта білу шеберліктерін қалыптастыру, жас вокалистерге шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру болып табылады.

Конкурсқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 5-10 сынып оқушылары қатысты.

Конкурс ереже бойынша екі кезеңде өткізілді.

1) эстрадалық әндер - танымал эстрадалық әндер, джаз шығармалары;

2) халықтық әндер - халықтық әндер, авторы белгілі халықтық стильдегі әндер.

Оқушылардың өнерлерін облысымыздың жетекші жоғарғы оқу орындарының білікті мамандарынан құралған  профессорлар, доценттер, композиторлар, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары бағалады.

Қатысушылардың орындау өнерлері төмендегі критерийлер бойынша бағаланды: көркем шығарманың орындалу деңгейі, вокалдық интонация тазалығы, вокалдық техниканы меңгеруі, шығармалардың қатысушылар жасына сәйкестігі, дыбыстың сапасы.

Конкурстың қорытындысы бойынша 14 оқушы жүлдегер атанды, олардың ішінде І орын – 2, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 7.

І орын алғаны үшін грамотамен марапатталғандар:

1. Өмірзақов Өміржан, Жарма ауданының өнер мектебінің 10 сынып оқушысы;

2. Серікова Шахризада, Семей қаласы № 30 ОМ 9 сынып оқушысы.

ІI орын алғаны үшін грамотамен марапатталғандар:

1. Кенжеханов Ерқанат, Ш. Уәлиханов атындағы "Жас Ұлан" ОМЕМЛИ 10 сынып оқушысы;

2. Қабдуали Сана, Риддер қаласы №14 ОМ 7 сынып оқушысы;

3. Чакенова Аружан, Семей қаласы №25 ОМ 5 сынып оқушысы;

4. Жақсылықова Азиза. Шәкәрім ат. ДБА ОҮТОММ 5 сынып оқушысы;

5. Қайроллина Нұрдана, Абай ауданы Абай ат. МЛ 10 сынып оқушысы.

ІІІ орын алғаны үшін грамотамен марапатталғандар:

1. Мұратқанова Ариана, Риддер қаласы Шаңырақ МГ 8 сынып оқушысы;

2. Пономарева  Ульяна, Глубокое ауданы № 1 ОМ 9 сынып оқушысы;

3. Музапарова Эльмира, Глубокое ауданы Прогрессовка ОМ 8 сынып оқушысы;

4. Алдажуман Нұралы, Көкпекті ауданы өнер мектебінің 7 сынып оқушысы;

5. Бейсенбаева Әсем, Бородулиха ауданы №3 ОМ 6 сынып оқушысы;

6. Дәуренқызы Айман, Зайсан ауданы Қаратал ОМ 6 сынып оқушысы;

7. Амангелдинова Ақбота, Тарбағатай ауданы өнер мектебінің 9 сынып оқушысы.

Конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

Конкурс аясында қатысушыларға арналған мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды: таныстыру ойын бағдарламасы "Мен, сен, ол - бәріміз бірге достармыз", ритмика бойынша флеш - моб  "Билейміз - бірге" мастер-класс, Шульбинск кенті балалар музыка мектебінің "Музыка дыбысымен" концерттік бағдарламасы, "Күштілер, батырлар, шымырлар" спорттық эстафета, "Жас бишілер", "Серілер және бикештер" конкурстық көңіл көтеру бағдарламалары.

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!