+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының «Ғылым әлемін ашамыз» атты VІІ халықаралық ғылыми конференциясына қатысу қорытындысы
11 Сәу, 08:33

2011 жылдың 7-8 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы «Ғылым әлемін ашамыз» атты VII ғылыми оқушылар конференциясына қатысты.cut

Конференция Астана қаласында Назарбаев университетінің кешенінде өтті. Барлық оқушылар үшін бұл қатысу өте маңызды болды, себебі конференция бүкіл қазақстандықтарға мәнді оқиға - Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевті ұлықтау рәсімімен бір күнде өтті. Халықаралық конференция дарынды балаларды айқындау, демеу, ақпарат және ғарыш технологиялар салаларында ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру және халықаралық ынтымақты дамыту мақсатымен өткізілді. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі Б.Т.Жұмағұлов; Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, авиация генерал-лейтенанты, ұшқыш-ғарышкер Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Т.А.Мұсабаев, ғарыш технологиялар саласындағы ведомстволар өкілдері мен ғалымдар қатысты. Қазақстан, Ресей, Грузия, Қырғызстан Республикаларынан 205 оқушы Халықаралық конференцияның қатысушылары болды.

Ғылыми жобаларды қорғау 5 секция бойынша өткізілді:

1)     Ғарыштық техника және инфрақұрылым.

2)     Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу.

3)     Экология және ғарыштық іскерлік.

4)     Астрофизика және әлемнің дамуы.

5)     Күн жүйесі.

Ғылыми конференцияның өткізілуі кезінде «Жер және Ғарыш» атты көрме ұйымдастырылып, онда қатысушылардың экспонаттары мен модельдері көрсетілді.

Шығыс Қазақстан облысынан 5 оқушы қатысты:

-         Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын облыстық мамандандырылған мектептің 11 сынып оқушысы Сатыбалдинова Ельдана;

- Семей қаласындағы №6 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Құдайбергенова Шакизат;

- Өскемен қаласындағы математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің 10 сынып оқушысы Федоров Виталий;

- Өскемен қаласындағы математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің 10 сынып оқушысы Айткалиев Ғалымжан;

- Өскемен қаласындағы №31 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Кузин Владислав.

 

 

«Ғылым әлемін ашамыз» атты Халықаралық ғылыми конференциясының қорытындысы

 Алтын медальмен және I дәрежелі дипломмен Сатыбалдинова Елдана марапатталды. Оған «Үздік экспонант» номинациясында Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамотасы табыс етілді.

Қола медальмен және III дәрежелі дипломмен Құдайбергенова Шакизат марапатталды.

Федоров Виталийге және Кузин Владиславқа Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамоталары табыс етілді.

Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

 

«Ғылым әлемін ашамыз» атты Халықаралық ғылыми конференциясының қорытындысы бойынша қарар қабылданды.

«Ғылым әлемін ашамыз» атты VІІ Халықаралық ғылыми конференциясының қатысушылары үшін қызықты экскурсиялық-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды. Оқушылар Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы Ауыр иондардың жылдамдатқыш базасындағы Пәнаралық ғылыми-зерттеу кешені мен Ғарыштық бақылау және кейіптеу ұлттық орталығында болды.