+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық авторлық өлеңдер байқауын өткізу туралы
23 Қар, 11:16

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай 5-10 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық авторлық өлеңдер байқауын өткізетіндігін хабарлайды.

Байқау жалпы білім беретін мектептер мен облыстық мамандандырылған мектептердің 5-10 сынып оқушылары арасында келесі жас ерекшеліктеріне қарай өткізіледі:

- 5-7сыныптар;

- 8-10 сыныптар.

Байқауға әр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден 4 жұмыс қабылданады.

Байқаудың Ережесі www.shygysdaryny.kz сайтында жарияланған.

Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары немесе облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолы қойылған тапсырыс пен жұмыстарды 2015 жылдың 7 желтоқсанына дейін Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79 (ШҚ ӨҒПО «Дарын») тел/факс 8/7232/552012 немесе vk_daryn@ mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет.

Тапсырыс үлгісі:

 

Қатысушының

аты – жөні

 

Аудан/қала

 

 

Мектеп,сынып

 

Өлең

атауы

 

Мұғалімінің

аты-жөні

 

Байланыс телефоны

Байқаудың қорытындысы 14 желтоқсанға дейін шығарылып, www.shygysdaryny.kz сайтында жарияланады.