+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Махаббат пен мейірімділік жолында
19 Қар, 08:20

2015 жылдың 8-13 қарашасы аралығында Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру мақсатында 7 - 9 сынып оқушылары арасында  «Өзін-өзі тану» пәнінен республикалық олимпиада өтті.

Шараның мақсаты – құндылық бағдарларды қалыптастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау.

Олимпиадаға 14 облыстан және Алматы, Астана қалаларынан 106 оқушы қатысты. Шығыс Қазақстан облысының намысын облыстық кезеңнің жеңімпаз  5 оқушысы қорғады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 4 оқушы жеңімпаз және 1 оқушы жүлдегер атанды. Қазылар алқасының шешімі бойынша ШҚО оқушыларының жазған эсселері ең үздік деп танылды.

I дәрежелі  дипломмен марапатталды:

1.Облыстық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысыСозаева Симона;

2.Өскемен қаласы, №39 орта мектептің 8 сынып оқушысы Баженова Дарья;

3.Аягөз ауданы Д. Бабатайұлы атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Ахметова Мадина;

4.Күршім ауданы №3 гимназияның 9 сынып оқушысы Тлеубаева Венера марапатталды.

III дәрежелі  дипломмен Зайсан ауданы Орманбетов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Назибекова Аружан марапатталды.

Жеңімпаздарды, мұғалімдер мен ата.-.аналарды жеңістерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға келешекте табыс тілейміз!