+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Дарын-2015» фестивалі шығармашылыққа апарар жол
17 Қар, 06:22

2015 жылдың 6-7 қарашасы күндері Семей қаласындағы №8 отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері «Жұлдызды жол» продюссерлік орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткен «Дарын 2015» І Халықаралық Балалар мен Жасөспірімдер шығармашылығының Фестиваль-Конкурсына қатысып қайтты.

Дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру, олардың үйлесімді дамуына және шығармашылық байланыстарды орнату мақсатында фестиваль вокал, хореография, аспаптық музыка, көркем сөз, бейнелеу және қолданбалы өнер мен тағы басқа номинациялар бойынша өткізілді.

Фестиваль қорытындысы бойынша балалар үйінің тәрбиеленушілері орта жас ерекшелік топта бір алтын мен екі қола медальді жеңіп алды.

І дәрежелі диплом және алтын медальмен - Редозубова Полина (қолданбалы өнер).

ІІІ дәрежелі диплом және қола медальмен:

- Викторкина Алена (көркем сөз);

- Суховерков Николай (компьютерлік кескіндеме).

Жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтаймыз! Тәрбиеленушілер мен жетекшілерге алдағы уақытта шығармашылық жеңістер тілейміз!