+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
7 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің (физика, математика, биология, химия ) қорытындысы
11 Қар, 07:52

2015 жылдың 30 қазанында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 7 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.

ОлимпиадаӨскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің базасында өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылығын арттыру, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылығын айқындау және дамыту, олимпиадаға қатысушылардың резервін құру.

Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудандар мен қалалардан және облыстық мамандандырылған мектептерден 120 оқушы қатысты.