2015 жылдың 04-05 қарашасы аралығында республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Қарағанды облысы, Балқаш қаласындағы №15 мектеп-лицей базасында «Үздік жыл психологы - 2015» конкурсының республикалық кезеңін өткізді.
Конкурстың мақсаты:кәсіби құзыреттерін оңтайлы көрсетіп меңгеретін талантты психологтарды анықтау, қолдау көрсету және оларды марапаттау. Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан 65 психолог қатысты. Шығыс Қазақстан облысының намысын 5 психолог қорғады.
Конкурс қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Үржар ауданы, Найманбай атындағы орта мектептің педагог-психологы Абылгазова Ляззат Асановна марапатталды.
«Креативті психолог»номинациясында грамоталармен:
-Зырян ауданы, Зырян қаласының №7 мектеп-лицейінің педагог-психологы Нурскенова Зульфира Жұмақановна;
-Семей қаласы, облыстық мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицейінің педагог-психологы Жұмағалиева Ақбота Талғатбековнамарапатталды.
Конкурсқа қатысқан барлық педагог-психологтарға белсене қатысқандары үшін сертификаттар берілді.
Конкурсқа қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!