+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Әлемді мейірімділікке толтырайық
07 Қар, 03:19

2015 жылдың 31 қазаны мен 03 қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 5-10 сынып оқушылары арасында «Әлемді мейірімділікке толтырайық» атты облыстық шығармашылық фестивалін өткізді. Фестиваль Шүлбі кентіндегі «Дарындылықты дамыту және оқытудың қосымша формалары» зертханасында болды.

Фестивальдің мақсаты – дарынды балаларды қолдауға тиімді жағдай туғызу, жасөспірімдер арасында мейірімділік, шыдамдылық пен төзімділік идеясын тарату және оны қалыптастыру.

Фестиваль бір шаңырақ астында шығармашылықтың әр түрі мен бағыттарын біріктірді. Интерактивті алаңдардағы би мен әндер, спорттық жарыстар (көңілді старт, кіші футбол, кіші баскетбол, эстафеталар), қолданбалы, бейнелеу өнері, театр шеберлігі – мұның бәрі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қолдауға, өзіндік ойын білдіруге, ең бастысы, достық қатынастарды орнатуға ықпал етті.

Фестиваль аясында түрлі акциялар өткізілді:

- «Досыңа қуаныш сыйла» акциясында балалар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарымен алмасып, орнына бақытты болудың тосын сыйына ие болды;

- «Мейірімділікті жасау өз қолыңда» акциясында, қатысушылар қанатты достарына жемсалғыштар жасап, оларды іліп қойды;

- «Биле мейірімділік» флеш-мобында әрқайсысы айналасына қуаныш, жақсы көңіл-күй мен жылулық сыйлауға мүмкіндік алды.

Фестивальдің басты оқиғасы «Әлемді мейірімділікке толтырайық» атты өз атына сай әсерлі, әсем де салтанатты гала-концерт болды. Концертке үздік деп танылған нөмірлер алынды. Барлық қатысушылар балалардың қаншалықты талантты екендіктерін куә болды. Гала-концерттің соңында қатысушыларға сыйлықтар мен фестивальге белсенді қатысқандары үшін сертификаттар табыс етілді.