2015 жылдың 4-6 қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 1-7 сынып оқушыларына арналған республикалық«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Конкурс дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының базасында өткізілді.
Шараны өткізудің мақсаты – оқушылардың шығармашылық-зияткерлік әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, оқушылардың зияткерлік шығармашылығын мектеп жасынан дамыту, оларды ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту.
Оқушылардың ғылыми жобалары 8 секция бойынша өткізілді:
1) математика, информатика;
2) физика, техника;
3) қазақ тіліжәне әдебиеті;
4) орыс тілі және әдебиеті;
5) биология, химия;
6) валеология, экология;
7) тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
8) психология, медицина.
«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңіне аудандар мен қалалардан және облыстық мамандандырылған мектептерден 210 жас зерттеушілер өз жұмыстарын ұсынды.
Білікті қазылар алқасының құрамында облыстың жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, оқушылардың жобаларын ғылыми ойлауларына, зерттеу әдістерін қолданудағы нәтижелілігіне, тақырыпты ашу дәрежесіне, материалдарды көрсету сапасына, команда мүшелерінің үйлесімділігінің деңгейлеріне, шешендік шеберліктеріне, шығармашылық қабілеттеріне байланысты бағалады.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 121 оқушы жеңімпаз атанды.
I дәрежелі дипломмен – 25, II дәрежелі – 28, III дәрежелі – 68 оқушы марапатталды.
Жеңімпаздар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Барлық жеңімпаздарды, олардың мұғалімдерін және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!