Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының 2015 жылдың 30 қазанында облыс мектептерінің 11 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылығын арттыру және кәсіби бағыт-бағдарын қалыптастыру.
Олимпиада Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өткізілді. Оған облыс қалаларынан (аудандарынан) және дарынды балаларға арналған облыстық арнайы білім мекемелерінен 77 оқушы қатысты. Әр қатысушы 4 пән: физика, математика, химия, биология бойынша тапсырма орындады.
Оқушылардың жұмыстарын құрамында өңірдің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары бар білікті қазылар алқасы бағалады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 20 оқушы Республикалық Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңіне (қашықтық тур) өтті:
1. Кожанова Гульнар – Семей қ., Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектебінің оқушысы;
2. Андреев Богдан – Өскемен қ., облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы;
3. Евженкова Екатерина – Өскемен., дарынды балаларға арналған мамандандырылған №34 мектеп-лицейінің оқушысы;
4. Қуанышбекова Қызғалдақ – Өскемен қ., дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушысы;
5. Куприянова Дарина – Өскемен қ., дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының оқушысы;
6. Киселева Дария – Өскемен қ., №11 мектеп-гимназияның оқушысы;
7. Рысбеков Бейбарыс – Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының оқушысы;
8. Набиолла Ақжол - Семей қ., облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің оқушысы;
9. Жамсап Диас – Өскемен қ., облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы;
10.Емкенова Анелия – Семей қ., Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектебінің оқушысы;
11. Замятин Роман – Өскемен қ., дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының оқушысы;
12. Социалов Данияр - Өскемен қ., облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің оқушысы;
13. Вартик Алина – Глубокое ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы;
14. Кеңесова Аяулым – Өскемен қ., дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушысы;
15. Собакин Данил – Өскемен., дарынды балаларға арналған мамандандырылған №34 мектеп-лицейінің оқушысы;
16. Айтқазина Шұғыла – Өскемен қ., №44 мектеп-лицейінің оқушысы;
17. Мұратова Жайна – Абай ауданы, Абай атындағы орта мектеп-лицейінің оқушысы;
18. Тохтарханов Сұлтан – Ұлан ауданы, Бозанбай орта мектебінің оқушысы;
19. Самойлова Катарина - Өскемен қ., облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы;
20. Слямбаева Аяулым – Ұлан ауданы, Р.Марсеков атындағы орта мектептің оқушысы.
Іріктеу кезеңі 2015 жылдың 13 қарашасында Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтеді. Ол екі турдан тұрады: қашықтықтық және шығармашылық (эссе жазу).
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша желтоқсан айының бірінші онкүндігінде Теміртау қаласында өтетін республикалық кезеңіне қатысушылар тізімі бекітіледі.