Дарынды шығармашыл жастарды анықтау және қолдау, мәдени әлеуеттерін дамыту, жас ұрпақтың санасына патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында 2015 жылдың 20 - 24 қазаны аралығында Астана қаласында ХІ ұлттық жастар Дельфий ойындары болып өтті.
Дельфий ойындары – классикадан бастап қазіргі заманғы жанрлардың барлық түрін біріктіретін өнер саласындағы кәсіпқой жастардың беделді жарысы.
Шығармашылық марафонға Шығыс Қазақстан облысынан құрамында 35 адамы бар команда қатысты.
Бес күн бойы Қазақстанның барлық аймақтары мен қалаларынан келген 500 - ден астам қатысушы өз номинациялары бойынша үздіктер қатарына қосылу үшін күресті.
Қатысушылар «Фортепиано», «Скрипка», «Баян/аккордеон», «Халық аспаптары», «Академиялық, халықтық, эстрадалық ән айту», «Халықтық, қазіргі заманғы билер», «Бейнелеу өнері», «Көркемсөз оқу», «Ұлттық көркем өнер және қолөнер» және тағы басқа да номинациялар бойынша өз өнерлерін көрсетті.
Дельфий ойындарының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы командасының қоржынына 25 медаль қосылды.
Алтын медальмен және I дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:
1. Сағибекова Шұғыла, Зайсан ауданы, М. Ломоносов ат. ОМ 6 сынып оқушысы (көркемсөз оқу);
2. Галькеев Руслан, Семей қаласы, №35 ОМ 7 сынып оқушысы (баян/аккордеон);
Күміс медальдармен және II дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:
1. Стрельников Максим, Семей қаласы, №8 балалар үйінің 9 сынып оқушысы (фотосурет);
2. Манапов Нұрлыбек, Бесқарағай ауданы, Үлкен-Владимировка ОМ 11 сынып оқушысы (ұлттық аспаптар);
3. «Flash» шоу-тобының ұжымы:
- Тарабарина Арина, Өскемен қаласы, №11 МГ 8 сынып оқушысы (заманауи би);
- Мухамбетова Вера, облыстық мамандандырылған №34 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (заманауи би);
- Шимина Анастасия, Өскемен қаласы, №10 МГ 11 сынып оқушысы (заманауи би);
- Ибраева Карина, Өскемен қаласы, №37 МГ 11 сынып оқушысы (заманауи би);
- Зуева Екатерина, Өскемен қаласы, №10 МГ 11 сынып оқушысы (заманауи би);
- Алиева Сабина, «Flash» шоу-тобыныңқатысушысы (заманауи би);
- Бучнева Дарья, «Flash» шоу-тобыныңқатысушысы (заманауи би);
- Фирсова Анастасия, «Flash» шоу-тобыныңқатысушысы (заманауи би);
- Панова Полина, «Flash» шоу-тобыныңқатысушысы (заманауи би);
- Самарханов Диас, «Flash» шоу-тобыныңқатысушысы (заманауи би).
4. «Пируэт» би ансамблінің ұжымы:
- Пахомов Георгий, Өскемен қаласы, №10 МГ 8 сынып оқушысы (халықтық би);
- Тихомирова Маргарита, Өскемен қаласы, №10 МГ 9 сынып оқушысы (ұлттық би);
- Котова Екатерина, Өскемен қаласы, №39 ОМ 9 сынып оқушысы (халықтық би);
- Котова Анастасия, Өскемен қаласы, №39 ОМ 11 сынып оқушысы ((халықтық би);
- Сапаралина Мольдир, Өскемен қаласы, №1 ОМ 9 сынып оқушысы (халықтық би);
- Браткова Елизавета, Өскемен қаласы, №29 ОМ 10 сынып оқушысы (халықтық би);
- Кандаурова Арина, Өскемен қаласы, №29 ОМ 10 сынып оқушысы (халықтық би);
- Жадыкова Еркежан, Өскемен қаласы, №39 ОМ 11 сынып оқушысы (халықтық би);
- Иванова Елена, Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы мектептің 9 сынып оқушысы (халықтық би);
- Потапкина Анна, Өскемен қаласы, №38 МГ 10 сынып оқушысы (халықтық би).
Қола медальмен және III дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
1. Суворова Анна, Семей қаласы, №8 балалар үйінің 9 сынып оқушысы (ұлттық көркем өнер және қолөнер).
Дельфий ойындарының дипломанты атағына ие болғандар:
1. Макижанова Айғаным, Тарбағатай ауданы Абай атындағы ОМ 5 сынып оқушысы (бейнелеу өнері);
2. Резник Дарья, Күршім ауданы, №1 Теректі ОМ 8 сынып оқушысы (фортепиано).
Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!